Қаржы

Зектілері

Шымкентте мемлекеттік бағдарлама аясында 5 мыңға жуық отбасы баспанамен қамтылмақ

Жарияланған күні:

үйдің кілті
Үйдің кілті. Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкентте жыл соңына дейін мемлекеттік бағдарлама аясында 5 мыңға жуық отбасы баспанамен қамтылмақ. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық ӨКҚ Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй алу тізімінде 51 140 азамат тіркелген, оның ішінде:

  • жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санаты бойынша – 1 803;
  • көпбалалы отбасылар 15 449;
  • халықтың әлеуметтік жағынан осал тобы – 17 823;
  • мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым және әскери қызметшілер – 16 042;
  • жалғыз тұрғын үйі апатты жағдайда деп танылған азаматтар- 24.

2024 жылы Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік бағдарлама аясында жыл соңына дейін 4574 отбасы пәтермен қамтылады.

Биыл жыл соңына дейін тұрғын үй кезегінде тіркелген азаматтарға сатып алу құқығынсыз 1 000 азаматқа (жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 200, көпбалалы отбасылар – 351, халықтың осал топтары – 449) пәтер жалға беру жоспарланған.

Оның ішінде бүгінгі таңда 251 пәтер (жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 91, көпбалалы отбасылар – 48, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары – 112) пайдалануға берілді. 2023 жылдан өтпелі болған 280 пәтер биыл қоныстандырылды. Сондай ақ, 35 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жас 900 жалға берілетін баспанаға қол жеткізеді.

Бұдан бөлек мемлекеттік бағдарламалар бойынша "2-10-20" және "5-10-20" бағыттары аясында жеңілдетілген несиелік негізде ағымдағы жылға жоспарланған 2274 пәтердің ішінде 432 пәтерге келісімшарт түзіліп, азаматтарға табысталды. Сонымен қатар 2023 жылдан өтпелі болған жалпы 1041 пәтер азаматтар арасында 2024 жылы үлестірілді. Осылайша, несиелік бағытта жалпы 1473 пәтер берілді.

Биыл Қамқор өңірлік бағдарламасына жергілікті бюджеттен 5 млрд теңге және "Отбасы банк" АҚ-нан 3 млрд теңге, жалпы 8 млрд теңге бөлініп, ағымдағы жылы 400-ден кем емес отбасыны несиелендіру көзделуде.

Несиенің ең жоғары мөлшерлемесі 20 млн теңгеге дейін, пайыздық мөлшерлеме 6 пайыз, бастапқы жарна 10 пайыздан кем емес, несиенің максималды мерзімі 25 жылға дейін болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/personal/2189634-shymkentte-memlekettik-bagdarlama-aiasynda-5-myngga-zhuyq-otbasy-baspanamen-qamtylmaq/