jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Шымкентте "Жастар" бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

    Баспана
    Көпқабатты пәтер. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Шымкент қаласы бойынша 35 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастарға арналған бағдарламаға өтінім қабылдау  басталды. Өтінім қабылдау  27 қараша күні сағат 9:00-ден  бастап 29 қараша сағат 19:00 аралығында жүргізіледі, деп хабарлайды Ontustiktv.kz.

    Телеарна мәліметінше, "Жастар" бағдарламасына қатысушылар жұмыс істеп жүрген, 35 жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматтары болуы керек. Олардың ай сайынғы табысы 40 айлық есептік көрсеткіштен, яғни 147 680 теңгеден кем болмауы қажет.

    Өтініш берушінің Шымкент қаласында өтінім берер алдында соңғы 3 жылдан кем емес тұрақты тіркеуінің болуы шарт. Биыл жалдамалы пәтер талаптарына бірқатар өзгеріс енгізілген.

    "Бұл тұрғын үйлер  3 жылға дейін беріледі Бірақ келісімшартқа бір жылға тұрамыз. Бір жылдың ішінде азаматтар 170 АЕК жинаған жағдайда келісімшарт әрі қарай созылады", - дейді Тұрғын үй басқармасының бөлім басшысы Жұлдызай Ордабекова.

    Биыл аталған жоба аясында жастарға 900 баспана бөлініп отыр. Пәтерлер Шымкент қаласы, Абай және Қаратау аудандарында орналасқан. "Жастар" бағдарламасына қатысушылар kezekte.kz порталында ЭЦҚ кілті арқылы өтінім бере алады.

    Шымкентте "Жастар" бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.