jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Шымкентте енді жылжымайтын мүлікті тіркеу және сатып алу-сату келісімшарты ХҚКО-да рәсімделеді

    ХҚКО
    ХҚКО. Көрнекі фото: "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы

    Енді жылжымайтын мүлікті тіркеп және сатып алу-сату келісім шартын кез-келген ХҚКО арқылы ресімдеуге болады. Бұрын мұндай қызметті нотариустар көрсететін. Сатып алу-сату келісім шартын орталық маманы арқылы рәсімдеу құны жеке тұлғаларға 8500 теңге, ал заңды тұлғалар үшін 12500 теңгені құрайды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Әкімдік мәліметінше, мәмілені рәсімдеу үшін сатушы мен сатып алушы жылжымайтын мүлік құжаттарымен бірге ХҚКО-ға келуі қажет.

    Егер екі тарап некеде тұрған жағдайда жұбайларынан нотариус арқылы рәсімделген келісімі талап етіледі. Қызметкер сатып алу- сату келісім шартын 2 данадан дайындайды.

    Қызмет көрсету мерзімі құжат тапсырған күнді есепке алмағанда 1 жұмыс күнін құрайды. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін төлем прейскурант бойынша жүзеге асырылады.

    Шымкентте енді жылжымайтын мүлікті тіркеу және сатып алу-сату келісімшарты ХҚКО-да рәсімделеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.