jitsu gif branding logo appbranding logo app
Қаржы

    Қанат Шарлапаев су тасқынынан зардап шеккендерге арналған үйлердің сапасы қандай екенін айтты

    Құрылыс барысы
    Құрылыс. Көрнекі сурет: NUR.KZ/ВладимирТретьяков

    Бүгін министрлер кабинетінде өткен брифингте өнеркәсіп және құрылыс министрі су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтар үшін салынған тұрғын үйлердің сапасына тоқталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Журналистер министрден су тасқынынан кейін бұл үйлерді салған құрылысшылардың кепілдік міндеттемелері бар-жоғын сұрады.

    "Біз 2 жыл кепіл береміз, яғни сол уақытқа дейін баспана тұруы керек. Қазіргі заманда бүлдіргеніңді жасыру мүмкін емес. Адамдар екі айдан бері өмір сүріп жатыр, көп жерде суық болды, бірақ әзірге, бақытымызға орай, сапасы туралы ешқандай шағым түскен жоқ: әлеуметтік желілерде әзірге шағымдар жоқ және болмайды деп үміттенеміз", - деп жауап берді Қанат Шарлапаев.

    Бұл ретте ол 80 шаршы метрлік бір қабатты тұрғын үй (су тасқынынан зардап шеккендерге арнап салынған тұрғын үйдің көлемі дәл осындай) құрылысының стандартты мерзімі 41 күн деп атап өтті.

    "Егер бұл жобаларды жаздың басында бастаған болсақ, үйлер нормативтік мерзімдерге сәйкес салынды. Құрылыс талаптары сақталды деп сендіре аламын.

    Екіншіден: егер бұл үйлердің сапасына қатысты ауқымды мәселелер туындаса, сеніңіздер, онда, әрине, халқымыз үнсіз қалмас еді, әлдеқашан көп нәрсені көрген болар едік. Бірақ әзірге құдайға шүкір ондай шағымдар жоқ. Ал біз қысқы кезеңнен өтіп, көктемгі кезеңге ойдағыдай жетуіміз керек, содан кейін барлығы өтті деп 100% айта аламыз", - деп түйіндеді сөзін министр.

    Қанат Шарлапаев су тасқынынан зардап шеккендерге арналған үйлердің сапасы қандай екенін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.