Қаржы

Зектілері

RAMS Qazaqstan салған жаңа ғимарат 9 балдық жер сілкінісіне сыналды

Жарияланған күні:

RAMS Qazaqstan
Фото: RAMS Qazaqstan

Алматыда RAMS City тұрғын үй кешенінің бір блогында сейсмикалық сынақтар өтті. Қаланың сейсмикалық белсенді аймақта орналасқанын ескере келе, мамандар көпқабатты ғимараттың тұрғындар өміріне қаншалықты қауіпсіз екенін білу үшін 9 балдық күшпен теңселтіп көрді, деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

RAMS Qazaqstan компаниясы журналистерді 14 қабатты ғимаратты сейсмикалық сынақтан өткізуге шақырды. Айта кетейік, мұндай шараны компания алғаш рет өткізіп отыр. Жандосов және 20-линия көшелерінің қиылысына жақын маңда орналасқан үй әлі пайдалануға берілген жоқ. Бірақ келер жылы бұл үйдің болашақ тұрғындары жер сілкінісі қауіпсіздігіне жіті тексерілген пәтер кілтін ала алады.

Сейсмикалық сынаққа қатысқандардың барлығы үйдің 7-ші қабатында отырды, онда жиһазбен толық жабдықталған қонақ бөлмесі және балалар бөлмесі бар нағыз пәтер атмосферасы жасалған, бөлмелерге диван, шкаф, ыдыс-аяғымен үстел қойылған.

RAMS Qazaqstan
Фото: RAMS Qazaqstan

Алдын ала нұсқаулық пен сынақтың басталғанын білдіретін сигналдан кейін ғимарат төбесінде ережеге сәйкес орналасқан вибрация машинасы жұмыс істей бастады. Бірнеше секундтан кейін еденнен тербелістің алғашқы толқындары сезілді, ал бір минутқа жетпей журналистер 9 балдық жер сілкінісінің қандай болатынын түсінді.

Айта кетейік, 5 минуттық сынақтың нәтижесі қорқынышты емес – қабырғада айтарлықтай сызат, жарық пайда болған жоқ, оның беріктігі туралы айтпаса да болады.

Жер сілкінісі болғанын тек орнынан қозғалған шкаф, сынған ыдыс-аяқ пен тумбадан құлаған теледидардан білуге болады. Құрылыс компаниясының басшылығы ғимараттың негізі – монолит қауіпсіздік үшін үлкен маңызға ие екенін атап өтті.

Еркін Байбатыров
Еркін Байбатыров. Фото: RAMS Qazaqstan

"Қала тұрғындары үшін үйдің сейсмикалық нормаларға сәйкестігін қамтамасыз ету өзекті мәселе. Бүгін біз блокты сынақтан сәтті өткіздік. Кез келген құрылымның негізгі факторы бетон; біз 400 маркалы бетонды қолданамыз.

Сондай-ақ арматураның қалай байланғаны ғимараттың негізгі қаңқасы үшін үлкен рөл атқарады. Біз ғимараттың жоғары сейсмикалық төзімділігін қамтамасыз ететін сапалы материалдарды қолданамыз. Сонымен қатар құрылыс кезінде қолданылған технология біздің барлық нысандарда қолданылады деп сендіре аламын", - деді RAMS Qazaqstan бас директорының бірінші орынбасары Еркін Байбатыров.

Айта кетерлігі, сейсмикалық сынақ "ҚазҚСҒЗИ" АҚ-мен бірлесіп жүргізіледі, институт мамандары барлық өлшемді алып, вибрация аппаратын орнатады. Іс-шараға дайындық екі айға жуық уақытты алады, содан соң сынақ басталады, ол бірнеше кезеңге жалғасады және шамамен екі аптаға созылады.

Ғимарат алдымен төмен қарқындылықпен тербеледі, мысалы, Рихтер шкаласы бойынша 3-4 баллға қозғалады, қарқындылықты бірте-бірте 9 балға дейін арттырады. Әр кезеңнен кейін тексеріс жүріп, процесс кезінде зақымданған жерлер мен жарықтар болса, тіркеледі, сондай-ақ құрылымдық жүйелерді сараптау жүргізіледі. Ал ғимаратты жер сілкінісіне төзімділігін көпшілікке көрсетерге дейін бес сынақ жүргізіледі.

Жасұлан Омаров
Жасұлан Омаров. Фото: RAMS

"Бұл сынақтардың мақсаты осы ғимаратқа енгізілген жобалық шешімдердің алынған эксперименттік деректермен қаншалықты сәйкес келетінін тексеру.

Осылайша біз 7-қабатта 0,48 G үдеуді тіркедік, яғни бұл әдетте құрылыс салу кезінде қолданылатын 9 балдық жобалық деректерге сәйкес. Ал жоғарғы қабатта 0,61 G көрсеткішін алдық, яғни, есепке алынған көрсеткіштен де асып түстік", - дейді "ҚазҚСҒЗИ" АҚ зертхана меңгерушісі Жасұлан Омаров.

Евгения Кожа-Ахмет
Евгения Кожа-Ахмет. Фото: RAMS Qazaqstan

Маман ғимаратты сейсмикалық сынақтан өткізгеннен кейін пайдалануға болатынын, себебі жұмыс барысында тұрғын үй сынақтан жақсы өткенін айтады. Ал RAMS Qazaqstan компаниясы өкілдері бұл сейсмикалық сынақ үйдің болашақ тұрғындарының қауіпсіздік деңгейін арттырудың маңызды қадамы екенін жеткізді.

Сонымен қатар мұндай шаралар тұрғын үй кешенінің өңірге тән сейсмикалық қауіптерге дайын екенін растайды. Құрылымның беріктігі мен пайдаланылған материалдар тиімді екенін, ғимараттың 9 балдық жер сілкінісіне сәйкес келетін жүктемеге төтеп бере алатынын көрсетті.

*Серіктес материалы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/personal/2196696-rams-qazaqstan-salgan-zhanga-gimarat-9-baldyq-zher-silkinisine-synaldy/