jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Елімізде Ұлттық банк қызметкерлерінің атын жамылып жалған хат жолдаушы алаяқтар көбейген

    Ұлттық банк
    Ұлттық банк ғимараты. Фото: Ұлттық банктің баспасөз қызметі

    Алаяқтар Қазақстан Ұлттық банкінің бланкін пайдаланып, азаматтарға жалған құжат жолдайтын болған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық банк сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Қаскөйлер Ұлттық банк атынан жіберген жалған хаттарында олардың алаяқтардың құрбаны болғанын хабарлайды. Сөйтіп, алаяқтардан ақшаны қауіпсіз түрде қайтару үшін және "клиринг процедурасынан өтуге байланысты қаржы міндеттемелерін" өтеу үшін ақша аудару керек екенін айтады.

    "Ұлттық банк жеке тұлғалардың шотына қызмет көрсетпейтінін, қаржы құралдарын сақтандырмайтынын және халықпен ақшалай есеп айырыспайтынын еске саламыз", - делінген хабарламада.

    Интернет-алаяқтар мұндай хабарламаларды WhatsApp мобильді қосымшасы, электрондық пошта және әлеуметтік желілер арқылы таратады. 

    Мессенджерлерге келетін хаттар
    Алаяқтар хабарламалары. Скриншот: nationalbank.kz

    "Осыған байланысты Ұлттық банк азаматтарды сақ болуға, күмәнді шоттарға ақша аудармауға, жалған хабарламалар мен тексерілмеген құжаттарға сенбеуге шақырады", - деп ескертеді банк өкілдері.

    Сондай-ақ алаяқтар құқық қорғау органдары немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі қызметкерлерінің атын жамылып айласын асыруы мүмкін.

    Олар мұны "аударымдарды алаяқтардан сақтандыру процедурасы", қаржы ұйымдарындағы "алаяқтарды ұстау", "арнайы органдардың тексеруі" немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының бірлескен "арнайы операцияларына" қатысу сияқты түрлі жалған процесс ретінде түсіндіріп, алдап соғуы ықтимал.

    Елімізде Ұлттық банк қызметкерлерінің атын жамылып жалған хат жолдаушы алаяқтар көбейген

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.