jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Шымкентте кейінгі бір аптада баспана сатып алушылар саны күрт өскен

    Ақша және баспана
    Ақша және баспана. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

    Қазақстандықтар жаппай пәтер сатып ала бастады. Сарапшылар доллар бағамының көтерілуі нарықты жандандырды деп отыр. Шымкенттіктер баспананы көбіне ыңғайлы жерде орналасқан, бағасы қолайлы жаңа тұрғын үй кешендерінен таңдайтын көрінеді. Сатып алушылардың басым бөлігі жылжымайтын мүлікті ипотекаға алып жатыр екен, деп хабарлайды Otyrar.kz.

    "Кейінгі 1 апта көлемінде пәтерді жалға алу немесе сатып алуға сұраныс жоғары. Пәтер сату жағы да қалыспайды. Жыл соңына дейін ипотекаға үй алып қалуға асығып жатқандар көп", - дейді жылжымайтын мүлік агенттігінің директоры Назерке Әбутәліп.

    Халық жаппай пәтер сатып алып жатқандықтан, кей құрылыс компаниялары бағаны 5-10 пайызға дейін көтеріп үлгерді дейді сарапшылар. Сөздерінше, жұртшылықтың дүрлігуі құрылысшылар үшін қосымша құн салығына арналған жеңілдіктің алынып тасталу ықтималдылығымен байланысты болуы мүмкін. Егер бұл жағдай болса, келер жылдан бастап баспана бағасы айтарлықтай қымбаттамақ.

    "Құн салығының мөлшері 22 пайыз болатынын ескерейік. Бұл ақпараттық толқын тудырып, халықты жаппай баспана алуға итермеледі. Тіпті таңғы сағат 6-да пәтер сатып алу үшін кезекке тұрғандар да бар көрінеді. Мұндай дүрбелеңді бұрын-соңды көрген емеспіз", - дейді халықаралық жылжымайтын мүлік сарапшысы Лев Тетин.

    Дегенмен қосымша құн салығы енгізілмесе де, келесі жылы жылжымайтын мүлік бағасы өсуі бек мүмкін.

    "Жаңа тұрғын үй бағасының арзандауы мүмкін емес, олар қымбаттайды. Өйткені бағаның 70 пайызы зауытқа тәуелді. Жаңа үйлер қымбаттаған соң екінші нарықтағы пәтерлердің де бағасы көтеріледі. Бірақ әдетте, олар 2-3 ай бағаны ұстап тұрады да, кейін аздап төмендетеді. Баға өсімі болады, бірақ ол күрт көтерілмейді", - дейді жылжымайтын мүлік нарығының сарапшысы Александр Пак.

    Жылжымайтын мүлік нарығының сарапшылары қосымша құн салығын енгізу бастамасы кейінге қалдырылуы мүмкін деп болжап отыр. Себебі бұл өзгеріс тіркелген жағдайда баспаналы болу қарапайым халық үшін одан да қолжетімсіз бола түспек.

    Шымкентте кейінгі бір аптада баспана сатып алушылар саны күрт өскен

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.