jitsu gif
Қаржы

    Жекешелендіру жұмыстары: Шымкентте 188 пәтер бюджетке 585 млн теңге әкелді

    Пәтер есігі
    Пәтер. Көрнекі сурет: simpson33 / Getty Images

    Шымкентте тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытында бірнеше маңызды жұмыс атқарылуда. Бүгінде 519 азаматқа жалпы сомасы 461,9 млн теңгеге тұрғын үй сертификаттары берілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Шымкент қалалық ӨКҚ Instagram-дағы мәліметіне сүйенсек, сертификаттар келесідей топтарға үлестірілген:

    • 1 және 2 топ мүгедектігі бар азаматтар – 150; • Мүгедектігі бар бала асыраушы отбасылар – 97; • Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 26; • Көпбалалы отбасылар – 110; • Толық емес отбасылар – 48; • Бюджеттік мекеме қызметкерлері – 88.

    Тұрғын үй жалдау төлемдерін субсидиялау бағдарламасы аясында 2022-2024 жылдар аралығында 5 200 отбасының жалдау ақысының 50 пайызын мемлекет өтеді. Бүгінде 2 509 азаматқа жалпы сомасы 486 млн теңге субсидия төленуде.

    Бағдарламаға І және ІІ топ мүгедектігі бар азаматтар, мүгедектігі бар бала асыраушы отбасылар, жетім балалар, көпбалалы отбасылар қатыса алады. Ай сайын төлемдер мен бағдарлама талаптарының сақталуын бақылау мақсатында мониторинг жүргізіліп отырады.

    Тұрғын үйлерді жекешелендіру E-Qazyna веб-порталы арқылы электронды форматта жүзеге асырылуда. 2024 жылдың басынан бері жекешелендіруге 235 өтінім түскен.

    Оның ішінде:

    • 188 пәтер сатып алу негізінде жекешелендіріліп, бюджетке 585,3 млн теңге түскен; • 37 пәтер өтеусіз жекешелендірілді; • 15 өтінішке бас тартылды; • Қазіргі уақытта 38 құжат қаралуда.

    Жекешелендіру жұмыстары: Шымкентте 188 пәтер бюджетке 585 млн теңге әкелді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.