Қаржы

Зектілері

Электр самокаттарға инвестиция: Қазақстанда жаңа қаржы пирамидасы пайда болды

Жарияланған күні:

Тротуар үстіндегі самокат
Самокаттар. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Қазақстанда шағын инвестиция салып, жылдам әрі оңай табыс табуды уәде ететін қаржылық алаяқтықтың жаңа түрі анықталды. Бұл жолы тұрғындарға электр самокаттарға ақша салып, жалға беруден пайда табуды ұсынылады. Толығырақ KAZ.NUR.KZ сайты материалынан оқыңыз.

Пирамида қалай жұмыс істейді

Stop-Piramida.kz жобасының авторы және қаржы алаяқтықтарын зерттеуші Юрий Лидің айтуынша, бұл схемаға қатысушылардан электр самокат сатып алуға кемінде 900 доллар салу талап етіледі. Инвесторларға 12 самокатты жалға беруден бір айда 936 доллар пайда түсетіні уәде етіледі.

Алайда салымшыларға самокаттардың нақты сатып алынғаны туралы ешқандай құжат берілмейді. Сонымен бірге есептеулерге сәйкес, бір самокат күніне 2,6 доллар табыс әкелуі мүмкін – бастапқы салынған қаражаттың шамамен 3,5 пайызына тең.

Негізсіз қаржылық уәделер

Сарапшы Юрий Лидің сөзінше, уәде етілген табыс нақты нарықтық жағдаймен сәйкес келмейді.

"Егер олар сондай дивидендтер төлей алатын болса, қазақстандықтардан неліктен 900 доллардан сұрайды? Бірден ірі инвесторлармен неге жұмыс істемейді? Шынымен 1200 пайыз табыс көру мүмкіндігі болса, халықаралық инвесторлар бұл бизнеске әлдеқашан қызығушылық танытып, миллиардтаған доллар құйған болар еді", - деп хабарлайды сарапшы.

Мәселе самокаттың бағасында

Юрий Лидің хабарлауынша, "инвестициялық компанияның" веб-сайтында жарияланған инвесторлар сатып алуы керек электрлі самокаттардың жеңілдікті есепке алғандағы нарықтағы бір данасының бағасы– шамамен 1569 доллар.

"Сәйкесінше, заңды сұрақ туындайды: егер веб-сайтта көрсетілген самокат нарықта әлдеқайда қымбат болса, сіз 75 долларға 12 дана самокаттың қандай түрін сатып аласыз?", – деп атап өтті сарапшы.

Сонымен қатар компанияның 2GIS қызметіндегі беттерінде аталмыш электрлік самокаттарды жалға алушылардың пікірлерін көруге болады. Алайда пікір астындағы фотосуреттерде бір данасы 149 мың теңгеден асатын немесе шамамен 288 доллар тұратын мүлде басқа құрылғылар көрсетілген. Демек, 12 самокатты сатып алу үшін кем дегенде 3461 доллар қажет.

"Тіпті Қытайда сатып алғанның өзінде олардың біреуі 207 доллар тұрады - бұл "инвесторларға" ұсынылатын бағадан үш есе қымбат", - деп хабарлайды Юрий Ли.

Ресейде қара тізімде

Компания туралы ақпаратты тексеру барысында оның Ресей Орталық банкінің қара тізіміне енгізілгені анықталды. Ресей билігі оны қаржы пирамидасының белгілері бар ұйым ретінде таниды.

Компанияның шетелдік "жалған тіркеуі"


Компания веб-сайтында ол 2022 жылдың қаңтарында АҚШ-та тіркелген деп көрсетілген. Алайда шын мәнінде, компания 2024 жылдың наурыз айында ғана Колорадо штатында тіркелген. Бұл жерде компанияның нақты мекенжайы мен басшысының деректерін табу мүмкін болмаған.

Юрий Лидің айтуынша, АҚШ-та компанияны тіркеу 600 долларды ғана қажет етеді, сондықтан мұндай ұйымды құру қиындық туғызбайды.

Қаржылық сарапшылар кез келген инвестициялық ұсынысты мұқият тексеріп, ерекше жоғары табыс уәде еткен компанияларға сенбеуге кеңес береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/personal/2203515-elektr-samokattarga-investitsiia-qazaqstanda-zhanga-qarzhy-piramidasy-paida-boldy/