jitsu gif
Қаржы

    ІІМ өкілдері шетелдегі қазақстандықтарға алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті

    Алаяқ
    Алаяқ. Иллюстрациялық фото: : Milan_Jovik/Getty Images

    Ішкі істер министрлігінің өкілдері шетелдегі қазақстандықтарға алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Polisia.kz ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Біздің мыңдаған азаматымыз шетелдерде оқуда немесе жұмыста. Олар өзара Telegram және WhatsApp-чаттарын құрып, ақпарат алмасып, бір-біріне көмектеседі. Мұны алаяқтар да пайдалануы мүмкін.

    Қаскөйлер осындай чаттарға қосылып, өздерін қазақстандық азамат ретінде таныстырып, әдеттегіден тиімді шарттармен валюта айырбастау қызметін ұсынады.

    Бірақ ақшаны ауыстырғысы келетіндерді байланыстырмай, алаяқтар криптовалюта сатумен айналысатын адамдардың немесе дроптардың шоттарын жібереді. Түскен қаражатты алғаннан кейін олар хат-хабарларды өшіріп, чаттардан шығып кетеді", - деп ескертті ІІМ өкілдері.

    Ведомство өкілдерінің мәліметінше, Кореяда, Қытайда және АҚШ-та осындай алдау жағдайлары болған.

    "Азаматтарды сақ болуға және күмәнді ұсыныстарды қабылдамауға шақырамыз", - деді құзырлы орган өкілдері.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.