jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "73,6 млн теңге салық төледі": Қазақстанда 12 блогер өз еркімен қосымша табыстарын декларациялаған

    Декларация үлгісі
    Декларация үлгісі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстанда 12 блогер 1,4 млрд теңге көлемінде қосымша табыстарын декларациялағанын мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Мемлекеттік кірістер комитеті кірістерді төмендету бойынша камералдық бақылау туралы хабарламаларды орындау шараларын жалғастыруда.

    Осы шаралар барысында 12 блогер өз еркімен 1,4 млрд теңге көлемінде қосымша табыстарын декларациялап, 73,6 млн теңге салық төледі.

    Бүгінгі таңда барлығы 854 блогерге "кірісті төмендету" бойынша заң бұзушылықтар үшін 71,9 млрд теңге сомасында камералдық бақылау туралы хабарламалар жіберілді. Орындау мерзімі – 30 жұмыс күні", - делінген ведомство жариялаған хабарламада.

    Комитет 71,9 млрд теңге көлеміндегі айырмашылықтар төленбеген салықтардың сомасы емес екенін атап өтті.

    "Көрсетілген айырмашылық сомалары блогерлердің салық декларацияларында көрсетілмеген болжамды табыстарын білдіреді", - делінген хабарламада.

    Ведомство өкілдері салықтардың есептелуі мен төленуі салық заңнамасында белгіленген тиісті ставкалар бойынша ұсынылған декларацияларға сәйкес жүзеге асырылатынын еске салды.

    "Камералдық бақылаудың мәні – салық төлеушіге табыстарын өз еркімен декларациялап, есептелген салықтарды төлеуге немесе анықталған бұзушылықтармен келіспеген жағдайда түсіндірме беруге мүмкіндік беру", - деп түсіндірді Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері.

    "73,6 млн теңге салық төледі": Қазақстанда 12 блогер өз еркімен қосымша табыстарын декларациялаған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.