jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Ұлттық қордан балаларға төлем: биыл тұрғындардан қанша өтінім келіп түсті

    Ақша
    Теңге. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

    Биыл 1 желтоқсанға дейінгі жағдай бойынша Қазақстанда 7 млн-ға жуық баланың әрқайсына "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы аясында шамамен 130 доллар есептелді. Бір жыл ішінде 129 мыңға жуық тұрғын жинақталған қаражатты тұрғын-үй жағдайын жақсартуға жұмсау мақсатында өтінім берген, деп хабарлайды "Хабар" арнасы.

    Ауқымды жоба 2024 жылғы 1 қаңтардан басталған болатын. Бағдарлама Ұлттық қордағы жыл сайынғы инвестициялық кірістің 50 пайызын бала 18 жасқа толғанға дейін оның жинақтаушы шотына аударып отыруды көздейді. Жинақ қаражатын мерзімінен бұрын шешіп алуға болмайды. Бала кәмелетке толған кезде жинақталған ақшаны тұрғын-үй жағдайын жақсарту және оқу ақысын төлеуге пайдалана алады.

    Биыл 1 желтоқсанға дейінгі жағдай бойынша кәмелетке толмаған 6.9 млн баланың әрқайсына 129.38 АҚШ доллары есептелді. 11 айда жиыны 222 мыңға жуық өтінім берілген. Оның ішінде тұрғын-үй жағдайын жақсартуға 129 мыңға жуық өтінім беріліп, оның 116579 бойынша 17 млн 600 мың долларға жуық қаражат төленді. 93 мың өтінім оқу ақысын төлеуге беріліп, оның 71664-не 10 млн 700 мың долларға жуық ақша төленді.

    Ұлттық қордан балаларға төлем: биыл тұрғындардан қанша өтінім келіп түсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.