jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Жұмыссыз ретінде тіркелудің қандай пайдасы бар: маман жауабы

    Жұмыс іздеп отырған қыз
    Түйіндеме. Иллюстрациялық фото: Nitchakul Sangpetch/EyeEm/Getty Images

    Алматы қаласы Еңбек мобильділігі орталығының мамандары жұмыссыз ретінде тіркелудің артықшылықтарын айтып берді, деп хабарлайды Astana TV.

    Елімізде жұмыстан өз еркімен кеткен не белгілі бір себептермен шығып қалған адамдар жұмыссыз ретінде тіркелмей, жаңа жұмыс орнын өз бетінше іздеуді жөн көреді. Алайда Алматы қаласы Еңбек мобильділігі орталығының мәліметінше, мұндай мәртебе алудың пайдасы бар және ол жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

    Алдымен азамат Еңбек мобильділігі орталығына жүгінуі керек немесе enbek.kz электрондық еңбек биржасы арқылы жұмыссыз ретінде тіркелуі қажет. Сол арқылы ол қысқа мерзімді кәсіби оқуға жолдама алып, жаңа мамандықты меңгере алады.

    Сондай-ақ жұмыссыз ретінде тіркелген азамат жұмыс берушілер тарабынан тұрақты жұмысқа не субсидияланған жұмыс орындарына жолдама алуы мүмкін. Одан бөлек жұмысыңыздан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерге өтінім беруіңізге болады. Ондай төлем тағайындалуы үшін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысуыңыз керек және жұмыссыз ретінде ресми тіркелуіңіз қажет.

    Төлемді алуға өтінішті жұмыссыз ретінде тіркелген кезде enbek.kz және egov.kz порталында немесе мансап орталығында және екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшасы арқылы беру қажет.

    Алматы қаласы Еңбек мобильділігі орталығының мәліметінше, жыл басынан бері 56 638 азамат жұмыссыз ретінде тіркеуге тұрған. Қазірге дейін 25 367 адам тұрақты және уақытша жұмыстарға орналастырылды. Ал 2024 жылы Алматыда 49 840 адам жұмыссыз ретінде тіркеліп, кейін 26 304 адам жұмысқа орналасқан.

    "Қазіргі таңда Алматы қаласы бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 19 737 азамат қамтылды. Оның ішінде: жастар практикасына – 707 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 499 адам, "Күміс жас" жобасына – 577 адам, қоғамдық жұмыстарға – 9 165 адам, "Алтын жас" жобасына – 487 адам, кәсіби оқытуға – 906 адам, skills.enbek.kz платформасы арқылы онлайн оқытуға – 4 240 адам, кәсіпкерлік бастамаларға жәрдемдесуге – 3 156 адам тартылды", - деп хабарлады орталықтан.

    Жұмыссыз ретінде тіркелудің қандай пайдасы бар: маман жауабы

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.