jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Шетелден әкелінген көліктер тәркіленуі мүмкін: мамандар көлік алушыларды сақ болуға шақырды

    Көлік рөлі
    Көлік рөлі. Көрнекі фото: pexels.com

    Шетелден сатып алынып, кейін ел ішінде заңды түрде тіркелген кейбір көліктер шетелге қайта шыққанда тәркіленіп жатыр. Бұл туралы Қазақстан Автокөлік одағының президенті Анар Мақашева айтты, деп хабарлайды "Астана" арнасы.

    Себебі ол көліктер бастапқы елінде лизингте болуы немесе қандай да бір шектеуде тұрған болуы мүмкін. Қазақстанда мұндай көліктер еш қиындықсыз тіркеліп, бірнеше жыл жүре береді.

    Алайда шекарадан өткен кезде ВИН код халықаралық дерекқор арқылы тексеріледі. Мұндай жағдайға шетелден тікелей көлік алғандар ғана емес, кейін ел ішінде сатып алған азаматтар да тап болуы мүмкін. Сондықтан көлік сатып аларда оның халықаралық базаларда шектеуде тұрмағанын алдын ала тексеру керек дейді мамандар.

    "Басқа елдерде лизингте немесе несиеде тұрған көліктер біздің нарыққа келіп жатыр. Мысалы, қазір Қытайда лизингте тұрған автокөліктер де кездеседі. Олар Қазақстанға уақытша әкелу тәртібімен немесе басқа жолмен жеткізіліп, кейін біздің азаматтарға сатылған. Ал сатып алған адам бұл көліктің басқа мемлекетте лизингте тұрғанынан бейхабар болуы мүмкін", - дейді Қазақстан автокөлік одағының президенті Анар Мақашева.

    Шетелден әкелінген көліктер тәркіленуі мүмкін: мамандар көлік алушыларды сақ болуға шақырды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.