jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Қазақстанда жол ережесін бұзу бойынша бейнежазбаны алуға арналған онлайн-сервис іске қосылды

    Бейнежазба
    Фото: Freedom Bank баспасөз қызметі

    Қазақстандық жүргізушілер бақылау камералары арқылы тіркелген жол қозғалысы ережелерін бұзу жағдайларының бейнежазбаларын онлайн сұрата алады. Тегін сервисті алғаш рет Freedom Bank пен Қазақстан Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті бірлесіп іске қосты, деп хабарлайды Freedom Bank.

    Бейнежазбаны алу үшін Freedom SuperApp қолданбасын ашып, "Сервистер" бөліміне өтіп, "Мемлекеттік қызметтерді" таңдау қажет. Осыдан кейін "Айыппұлдар" бөліміне өтіп, "ЖСН бойынша айыппұлдарды" белгілеу керек, жеке куәліктің деректері автоматты түрде толтырылады. Пайдаланушыға айыппұлды төлеу және шағымдану қызметтері, сондай-ақ жол қозғалысы ережесін бұзу сәтіндегі бейнежазбаны алуға өтінім беру қызметі қолжетімді болады.

    Бейнематериалдарды ұсыну туралы өтінім биометриялық аутентификация және бір реттік құпиясөз арқылы расталады. Бірнеше минут ішінде телефонға құқық бұзушылықтың бейнежазбасы бар push-хабарлама түседі.

    Ұзақтығы 10 секундты құрайтын бейнежазба Freedom SuperApp қолданбасында 14 күн бойы сақталады. Айта кетейік, әкімшілік құқық бұзушылық үшін айыппұл есептелген кезде пайдаланушыға автоматты түрде push-хабарлама жіберіледі.

    Freedom SuperApp
    Фото: Freedom Bank баспасөз қызметі

    Freedom SuperApp
    Фото: Freedom Bank баспасөз қызметі

    Freedom SuperApp
    Фото: Freedom Bank баспасөз қызметі

    Freedom SuperApp
    Фото: Freedom Bank баспасөз қызметі

    "Жаңа сервисті іске қосу – өткен жылдың соңында жүзеге асырылған айыппұлдарға шағымдану қызметінің қисынды жалғасы. Бейнематериалдарға қол жеткізу жүргізушілер үшін бұл процесті мүмкіндігінше ашық және түсінікті етеді. Сонымен қатар бұл құқықтық мәдениетті арттыру және ереже бұзушылықты қайталаудың алдын алу құралы. Осындай қызметтерді дамыту – азаматтардың мемлекеттік қызметтерді пайдалануының ыңғайлылығын арттырудағы дәйекті қадам. Freedom Bank онлайн-форматта қолжетімді қызметтер тізімін кеңейте отырып, мемлекеттік құрылымдармен ынтымақтастығын жалғастыруды көздейді", - дейді Freedom Bank директорлар кеңесінің мүшесі Айдос Жұмағұлов.

    Осыған дейін Freedom Bank айыппұлдарға шағымдану сервисін іске асырғанын естеріңізге саламыз. Банк қосымшасының пайдаланушылары бұл қызмет арқылы жылдамдық режимін асырғаны және басқа жол қозғалысы нормаларын және қоғамдық тәртіп ережелерін бұзғаны үшін салынған айыппұлдарға қатысты бірнеше батырмаға басу арқылы шағымдана алады. Freedom Bank бұл процесті цифрландырған алғашқы қаржы институты болды. 

    25.06.2024 ж. берілген №1.1.108 банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған ҚНРДА лицензиясы

    *PR құқында.

    Қазақстанда жол ережесін бұзу бойынша бейнежазбаны алуға арналған онлайн-сервис іске қосылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.