jitsu gif branding logo appbranding logo app
Қаржы

    Ең қымбат жолақы Астанада тіркелді

    : UGC

    Жалпы,тарифтердің аракідік қымбаттап тұратыны белгілі жайт. Соның ішінде жолақы құнының қымбаттауы халыққа оңай тие бермейді.

    Мәселен, қазір елімізде ең қымбат жолақы Алматы мен Қарағанды қалаларында. Бұл жерлерде баға 80 теңге. Одан кейін Астана мен Өскеменде 60-65 теңге.

    Десе де, жуырда елордада билет құны 100 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы жақында жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасының басшысы мәлімдеген болатын.

    Ал Петропавл, Шымкент Атырау, Қызылорда, Талдықорған қалаларында билет құны бірдей, 50 теңге. Павлодар, Ақтөбе, Қостанай қалаларында жолаушыларды тасымалдау құны 50-60 теңге аралығында.

    Орал және Семейде бұл көрсеткіш 60 теңге. Таразда билет құны 45-55 теңге. Ал ең арзан тариф Ақтауда сақталып тұр.

    Жергілікті билік бағаны 35 теңгеден әрі көтертпей отыр екен.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.