jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    "Мұндай мәселені реттеу оңайға соқпайды": Тоқаев теңге бағамы туралы ойын айтты

    : Original

    Коронавирус пандемиясынан кейін теңге бағамы тұрақтанып, қалпына келуі мүмкін бе? Бұ сауалған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ Егемен Қазақстан басылымына сілтеме жасап.

    Көрнекі фото: NUR.KZ
    Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

    Президенттің сөзінше, ерте ме, кеш пе, теңге бағамы тұрақтанады.

    "Басқа елдердің валюталарымен қатар біздің теңгеміздің де құны кеміп кеткені рас. Осыған орай, үкімет пен Ұлттық банк жағдайды тұрақтандыру үшін нақты шаралар қабылдады. Мен квазимемлекеттік секторға экспорттан түсетін табыстың бір бөлігін ішкі нарықта сатуды тапсырдым.
    Сондай-ақ олар шетел валютасындағы депозиттерін еліміздің қаржы жүйесіне қайтаруда. Бұл қаражат нақты жобаларға жұмсалады. Осы және басқа да шаралар доллар тапшылығын болдырмау үшін жасалып отыр.

    Әрине, нарықтық экономика жағдайында мұндай мәселені реттеу оңайға соқпайды.

    Оның үстіне, еліміздегі шетел валютасының басым бөлігі шикізатты сатудан түсетіні жасырын емес. Ерте ме, кеш пе, теңге бағамы тұрақтанады. Бірақ бұған сыртқы факторлар әсер етпей қоймайды.

    Теңгенің долларға қатысты бағамы валюта нарығындағы сұраныс пен ұсынымның азды-көптігіне қарай түзелетіні белгілі. Сондықтан құзырлы органдар валюта нарығына қатысты заңсыз әрекеттердің жолын кесетін болады.
    Алдағы уақытта Ұлттық банк теңгенің еркін бағамы қағидатын ұстанып, үкіметпен бірлескен жұмысын жалғастыра береді", - деді мемлекет басшысы.

    Еске сала кетсек, осыған дейін мемлекет басшысы жағдай күрделеніп кетпесе елімізде төтенше жағдай режимі он бірінші мамырда аяқталатынын жеткізді.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    "Мұндай мәселені реттеу оңайға соқпайды": Тоқаев теңге бағамы туралы ойын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.