jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Биржадағы доллар бағамы 421 теңгеден асты

    теңге мен доллар 1
    Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Бүгін таңертең америкалық валюта 2 теңгедей қымбаттады. Доллар бағамы 421 теңгеден асқан. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының сайтында көрсетілген.

    Қазіргі сәтте доллардың орташа бағамы 421,02 теңге деп белгіленіп отыр. Америкалық валюта 1,92 теңгеге қымбаттаған.

    Ал NUR.KZ порталындағы валюта бағамы туралы ақпаратқа сүйенсек, Нұр-Сұлтандағы айырбастау нүктелерінде бүгін бір доллар 421,00-ден бастап 423,40 теңгеге дейін сатылуда. Сондай-ақ 417,00-ден 420,00 аралығында сатып алуға болады.

    Алматы қаласындағы айырбастау орындарында бір АҚШ доллары 419,00-423,10 теңге аралығында сатылып жатыр. Сонымен бірге, 417,00-420,30 теңге аралығында сатып алуға болады.

    Еске сала кетсек, Ұлттық банктің Монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов теңгенің айырбас бағамына қатысты жағдайға түсініктеме беріп, ұлттық валютаның әлсіреу себебін түсіндірген еді.

    Ұлттық валютаның әлсіреуі үш басым факторға: ОПЕК+ отырысы қарсаңында мұнайға баға белгілеудің құлдырауына, әлемдік нарықтарда АҚШ долларының нығаюына және Қазақстандағы салық төлемдері кезеңінің аяқталуына байланысты болды.

    Айта кетейік, Ұлттық банк номиналы 1000 теңгелік "Qazaqstannyń astanasy – Nur-Sultan" коллекциялық монеталарын айналымға шығарды.

    Номиналы 1000 теңгелік монеталар құрамдас бөлігінде алтын компоненті бар күмістен жасалған.

    Биржадағы доллар бағамы 421 теңгеден асты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.