jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Наурыздың соңғы күнінде Қазақстанда доллар қайта қымбаттады

    АҚШ доллары
    АҚШ доллары. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Қор нарығында доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қайта көтерілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми сайтына сілтеме жасап.

    KASE-тегі күндізгі сауда-саттықтың қорытындысы бойынша, елімізде доллардың орташа сараланған бағамы 3,44 теңгеге көтеріліп, 451,71 теңге болды.

    NUR.KZ-тегі валюта бағамы мәліметтеріне сүйенсек, қазіргі таңда Қазақстандағы екінші деңгейлі банктерде доллар келесі бағамен саудалануда:

    • Астанада: сатып алу – 446,5-452 теңге, сату – 454,5-456 теңге;
    • Алматыда: сатып алу – 446,5-452 теңге, сату – 454,5-457,5 теңге;
    • Шымкентте: сатып алу – 446,5-452,5 теңге, сату – 454,5-459,5 теңге.

    Ал Kurs.kz сайтының дерегінше, валюта айырбастау пунктерінде доллар келесі бағамен саудалануда:

    • Астанада: сатып алу – 447-451 теңге, сату – 453-456 теңге;
    • Алматыда: сатып алу – 449-451 теңге, сату – 454-460 теңге;
    • Шымкентте: сатып алу – 451-454 теңге, сату – 456-460 теңге аралығында.

    Айта кетейік, осы аптада АҚШ валютасының күрт төмендеуі байқалды. Мәселен, сейсенбі күні 3,5 теңгеге арзандаса, сәрсенбі 29 наурызда бірден 6 теңгеге арзандады.

    Наурыздың соңғы күнінде Қазақстанда доллар қайта қымбаттады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram