jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанда доллар бағамы тағы көтерілді

    Долларовая банкнота и тенговые монеты
    Доллар и тенге. Иллюстративное фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

    Бүгін, 10 қаңтарда Қазақстан қор биржасында өткен күндізгі сауда-саттықтың қорытындысы бойынша, доллар бағамы қайта өсті. Бұл туралы KASE-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Жұма күнгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 1,91 теңгеге көтеріліп, 526,81 теңге болды.

    KAZ.NUR.KZ сайтында жарияланған айырбастау бағамы туралы мәліметтерге сәйкес, қазақстандық екінші деңгейлі банктерде долларды сатып алу-сату келесі бағам бойынша жүзеге асырылады:

    • Астанада: сатып алу – 523,50 теңге, сату – 529,50-530,50 теңге;
    • Алматыда: сатып алу – 523,50-527 теңге, сату – 529,50-531,00 теңге.

    Сонымен қатар Kurs.kz порталының мәліметінше, қазақстандық айырбастаушылардан қазір долларды мына бағамен сатып алуға және сатуға болады:

    • Алматыда: сатып алу – 527,56, сату – 530,24 теңге;
    • Астанада: сатып алу – 525-530 теңге, сату – 528-534 теңге.

    Айта кетейік, бір күн бұрын сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 2,39 теңгеге төмендеп, 524,75 теңгені құрады.

    Қазақстанда доллар бағамы тағы көтерілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.