Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ермегияев ісі: Қорғаушы сотта "Сүлеймен Сұлтан" сериалының сюжетін айтып берді

Опубликовано:

"Астана ЭКСПО-2017"ҰҚ" жымқыру ісі бойынша жеке кәсіпкер Мәдина Дәулетбаеваның мүддесін қорғап жүрген қорғаушы Сейіт Рахманов, сот тыңдалымы "Сұлтан Сүлеймен" сериалынан мысал келтірді, деп хабарлайды Today.kz.

Ол соттан өзі қорғап жүрген адамға әділ шешім шығаруды сұранды.

Айта кетейік, осыған дейін ол бір сағат уақыттай қағаздан оқи отыра, өзінің қорғап отырған адамының кінәсіздігін дәлелдеу барысында өзінің ойынша жағдайлар мен фактілер келтірді, содан кейін құжаттарды шетке қойып, басқарушы сотқа қарап өз сөзімен жалғастырды.

"Әділ болуыңызды өтінемін. Неге? "Сұлтан Сүлеймен" фильмін көрсетіп жатыр емес пе? Онда ол сұлтанның уәзірімен жаман қарым-қатынаста болып, істі болады. Осыдан кейін сот ұнатпаса да істі уәзірдің пайдасына шешіп береді. Содан кейін уәзір сотқа келіп, "Менің қандай билігім барын енді түсіндің бе? Сол үшін осындай шешім шығардың ба?", - дейді. Ал, сот болса, уәзірге "Жоқ, маған басқа сот болады. Сондықтан мен әділ шешім шығардым", - деген. Құрметті сот мырза, әрине, Сізге қиын болады, себебі бұл оқиға резонанс тудырғаны рас. Мен мұны ашық, анық әрі нақты айтамын, себебі бұл тек БАҚ-тың ғана игілігі емес. Сот отырыстарының жазбалары барлық жерде бар. Еуропада да және мұнда да қарауда. Сіздің шешіміздің қорытындысынан - әділ немесе кері болсын, сол шешімнен біз туралы, Қазақстан туралы пікір қалыптасады", - деді Рахманов сотқа.

Естеріңізге сала кетейік, Мәдина Дәулетбаеваға Қылмыстық кодекстің 189 бабы, 4 тарау, 2 тармақшасы бойынша "Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу" айыбы тағылған.

Тағы оқыңыз:

Путин Еуразиялық одақ аясында ортақ ақпараттық кеңістік құруды ұсынды

Лукашенко ЕАЭО-ның жұмысына көңілі толмағанын білдірді

Назарбаев: Ресей ең жақын көршіміз әрі одақтасымыз болып қала береді

Қазақстан үшін бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіру қиындап кетті

Назарбаев әлем халқын терроризммен бірлесіп күресуге шақырды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1145618-ermegiyaev-isi-qorghaushy-sotta-suleyme/

pixel