Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арыстанбек Мұхамедиұлы Абайдың ақын ғана емес, скрипкашы екенін де айтты

Жарияланған күні:

«Жұлдыз» FM радиосына сұхбат берген Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының скрипкада ойнағанын айтты дейді BAQ.kz.

Сәрсенбі күні өнер саласы бойынша Мемлекеттік сыйлық «Құнанбай» толық метражды көркем фильмі үшін авторлар ұжымы – Досхан Қалиұлы Жолжақсынов, Рустам Одинаев, Айдос Жұмаділдіұлы Бектемір және Нұрсифат Рахымбайқызы Салықоваға берілген болатын. Осы кино төңірегінде әңгіме өрбіткен Мәдениет және спорт министрі Құнанбайдың ағартушылық қызметіне тоқталды.

«Құнанбай аға сұлтан ғана емес, ағартушы да болған. Абай, Шәкірім, Ақылбай т. б айналасындағы балалары мен туыстарына, скрипкашы маманын шақыртып, оқытқан. Абай жас кезінде скрипкада ойнаған», – дейді Мұхамедиұлы.

Айта кетейік, бұған дейін Абайдың үлкен ұлы Ақылбайдың сауықшыл, әнші, скрипкашы болғаны баспасөз беттерінде жазылған еді.

Ал Бауыржан Ердембеков өзінің «Абайдың әнші шәкірттері» атты мақаласында Құнанбай емес, Абай скрипкашы маманды шақыртып, айналасындағыларды музыкаға баулығанын жазады.

«Абай қасындағы аса талантты әнші-музыканттарды атағанда алдымен Мұқа Әділханұлы есімі айтылады... Мұқаның талантын аса жоғары бағалаған Абай оны музыка саласында оқыту үшін Мәскеу, Петербор сияқты үлкен қалаларға жібермек болып, арнайы киім тіккізіп, жол жабдығын да дайындаған көрінеді», - деп жазады автор.

Тағы оқыңыздар:

Көптен бері көрінбей кеткен Сара Назарбаева халық алдына шықты (фото)

Қалыңмалға 10 мың доллар әкелген құдалар қыздың әжесіне жақпай қалды

Тасмағамбетов: Қазақ тілі деген халықтың жаны, бұдан артық айта алмайсың

Қазақстандық азамат құлдықта көрген жантүршіктірер азаптарын баяндады

Танымал актриса әйелін балталап тастаған еркектен қалай аман құтылды?

Астана мектептерінің бірінде оқушы өлі күйінде табылды

Жеті ай бойы төсекке таңылып жатқан қазақ әншісі дертінен қалай айыққанын айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1336026-arystanbek-mukhamediuly-abay-qunanba/