RU

БАҚ: Бұрынғы білім министрі шетелге кетуді жоспарлап отыр

Бұрынғы білім министрі Ерлан Сағадиев Гарвардта білім алу үшн шетел асуды жоспарлап отыр деп хабарлайды Novacity.kz.

Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz: UGC

Мақалада үш жыл бұрын Сағадиевтің күш-жігерін жинап, білім жүйесін түбегейлі өзгертуге қолға алғаны айтылған.

Бұл реформаға халықтың білдірген реакциясы оның тек қана құрылымды ғана емес, ментальді өзгеріс екенін анық көрсетті. Бүгінде ол министр ретінде қызметін тоқтатуға бекінген. Ал оның орындаған барлық міндеттерін Назарбаев зияткерлік мектебі жүйесін басқарған жаңа министр Күләш Шәмшидинова жалғастыруы мүмкін.

"Ал бұрынғы білім-министрі ары қарай не істемек? Оқу, тағы да оқу. Оның жоспарында Гарвардтағы кәсіби мамандарды әлеуметтік сектордағы мәселелерді шешуге дайындайтын Advanced Leadership Initiative жылдық көшбасшылық бағдарламасын өту бар", - деп жазылған мақалада.

Сайт, ең алдымен экс-министрдің мемлекет тарихында орта және жоғары білім жүйесінің реформаторы ретінде көрінетінін жазған. Ол 2010 жылы білім беруді дамыту бағдарламасында жазылған, елімізге қажетті болған жаңартулармен айналысты. Ал еліміз Баллон үдерісіне 2003 жылы қосылған.

Сағадиев қайта жаңартуды "біз әлі дайын емеспіз, күте тұру керек" деген сылтаусыз бастап кетті. Оған дейін қанша министр айтқанымен, министр орындығына Сағадиев отырған сәттен бастап барлығы декларациядан іске көшті.

"Біз білім беру жүйесі бойынша дамыған елдерден 20 жылға артта қалып қойдық. Айта кететіні, бұл білім сапасына емес, білім беру тәсілдеріне қатысты көрсеткіш. Әлемдегі көптеген елдер білім саласындағы реформаларды он жылдық айырмашылықпен орындап қойды. Ал біз ірі өзгеріске тек 2016 жылы аяқ бастық", - делінген мақалада.

Артынша Novacity.kz Сағадиев жүзеге асырған реформалар туралы баяндаған. Оның министрлік еткен уақытында білім берудің жаңа моделі қалыптасты. Бағдарламаның негізі ретінде Назарбаев зияткерлік мектебі моделі-12 жылдық білім беру, үш тілді оқыту және жаңа бағдарламалар алынды.

"Реформалар түбегейлік өзгеріс әкеліп, қоғамды селт еткізді. Интернеттегі қауымдастықтарда мынадай пікірлер пайда болды. "Біздің әкелеріміз оқыған кітаптарды ауыстырып жатыр", "бес балдық бағалаудан бас тартып, форматты бағалауды енгізіп жатыр", - деп жазады сайт.

Бұрынғы министрге қарсылық пен ішкі корпоративтік ортаны аластату қажет болды. Себебі, бұл өзгерістерді барлық педагогикалық қауымдастықтар қуана қабылдай қойған жоқ. Бұл жүйе бойынша мұғалімдерге критерийлік бағалау жүйесіне орнығу, білім берудің белсенді тәсілдеріне ауысу ("мәтінді оқып, түсінік айту" емес) керек болып, ағылшын тілін үйрену қажеттілігі туындады.

Айта кетейік, Елбасы Ерлан Сағадиев отставкаға кетпес бұрын оны мақтаған да, даттаған да болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1781697-bak-bryngy-bilim-ministri-setelge-ketudi-zosparlap-otyr/