Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев пен Түркия басшысы Ердоған бір-бірін Наурыз мерекесімен құттықтады

Опубликовано:

21 наурыз күні Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия басшысы Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды Ақорда.

Назарбаев пен Ердоған. Фото:discred.ru, Ақорда
Назарбаев пен Ердоған. Фото:discred.ru, Ақорда: UGC

Әңгімелесу барысында Түркия Президенті тәуелсіз Қазақстанды қалыптастыру мен дамыту ісіндегі Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи рөлін ерекше атап өтті.

Режеп Ердоған бауырлас Түркия халқы Қазақстанның Тұңғыш Президентін түркі әлемінің ұлы перзенті әрі дүниежүзілік деңгейдегі саясаткер ретінде жоғары бағалайтынын атап өтті.

Түркия Президенті Режеп Ердоған Нұрсұлтан Назарбаевқа зор денсаулық, толағай табыс тілеген.

Екі ел көшбасшылары бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады.

Айта кетейік, телефон арқылы сөйлесуге Түркия жағы бастамашы болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1784711-nazarbaev-pen-trkia-bassysy-erdogan-bir-birin-nauryz-merekesimen-kttyktady/

pixel