Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысы әкімінің орынбасары таралған қауесеттен соң мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Павлодар облысы әкімінің орынбасары Арыстанбек Қабыкенов өңір басшысы ұсталды деген қауесетке пікір білдіріп, журналистерге ресми мәлімдеме жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Арыстанбек Қабыкенов. Фото: pavlodar.gov.kz
Арыстанбек Қабыкенов. Фото: pavlodar.gov.kz: Facebook

Желіде облыс әкімі Болат Бақауовтың ұсталғаны туралы хабарлама тарады. Сондай-ақ хабарламада Қабыкеновтың да есімі аталған. Шенеуніктің сөзінше, ол болған жағдайдан соң қатты есеңгіреп қалған.

"Шынын айту керек, мен қатты есеңгіреп қалдым. "БАҚ туралы" заңды пайдаланып, сіздердің ақпаратты теріске шығарып, адамша кешірім сұрағандарыңызды қалаймын. Әйтпесе, мен туралы да жазыпты. Шынымды айтсам, мен қатты есеңгіреп отырмын.
Міне, мені көріп отырсыздар, жұмыс істеп отырмын. Мұнда бірдеңе болатындай ештеңе, тіпті ойда да болған жоқ. Шынын айтсам, әкем хабарласып, не болып жатқанына таң қалды. Мен оған жұмыста отырғанымды айттым", - деді Арыстанбек Қабыкенов.

Сондай-ақ өңір әкімінің орынбасары өзі ғана емес, бүкіл әкімдіктің штатты режимде жұмыс істеп отырғанын атап өтті. Қабыкеновтың сөзінше, Бақауов та жұмыс орнында.

Шенеуніктің айтуынша, егер істі жала ретінде қарастыратын болса, онда ол өз имиджін қорғау үшін заңгердің көмегіне жүгінуге дайын.

Еске сала кетсек, желіде Павлодар облысы әкімі Болат Бақауовтың ұсталғаны жайлы ақпарат тарады. Желідегі мәліметтерге сәйкес әкіммен қоса, оның көмекшісі де ұсталған.

Бақауов ұсталғаны туралы ақпараттан кейін ресми парақшасында жазба қалдырды.

Осыған байланысты өңір басшысының баспасөз қызметі жауап берді.

Кейбір басылымдардың мәліметінше, мемлекеттік қызметкердің үстінен полицияға арызды өңірдің жоғары лауазымды шенеунігі жазған болып шықты.

Алайда бұл ақпарат әлі ресми түрде расталған жоқ.

Бүгін Павлодарда Болат Бақауов қатысатын екі бірдей жиын өтпейтін болды.

Сондай-ақ, Бақауовтың баспасөз хатшысы Ернар Сейтахмет мәлімдеме жасап, әкімнің жұмыс бабымен Павлодарда жүргенін айтты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1836428-pavlodar-oblysy-kimini-orynbasary-taralgan-kauesetten-so-mlimdeme-zasady/

pixel