jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Тоқаев ертең тәртіпсіздіктер орын алған Қордай ауданына барады

    : UGC

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қордай ауданына ауыл тұрғындарымен кездесу өткізу үшін барады. Бұл туралы ол Informburo.kz порталына берген сұхбаты барысында мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда.
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда.: UGC

    Тоқаев арасында қазақтар мен дүнгендер де бар ауыл тұрғындарымен кездесіп тілдесуге ниетті екенін жеткізді. Мемлекет басшысы бүкіл Қазақстанды дүрсілкіндірген тәртіпсіздіктер орын алған ауданға осы жексенбіде, бірінші наурыз күні атанбақ.

    Қазақстан президенті билік ұлтаралық қарым-қатынастар саласындағы мәселелерді шешу жолдары мен әдістерін қайтадан қарастырып шығуы аса қажет екенін айтты.

    Ол Қазақстан мәңгіге түрлі этностары мен халықтары арасында тек татулық орнаған мемлекет болып қалатынын мәлімдеді.

    Тоқаев ертең тәртіпсіздіктер орын алған Қордай ауданына барады
    Тоқаев ертең тәртіпсіздіктер орын алған Қордай ауданына барады: UGC

    Оған қоса, Тоқаев қазақ тілінің маңыздылығы жөнінде пікір білдірді. Ол жақын арада еліміздің көптеген тұрғындары ана тілімзде сөйлесетін болатынын айтып өтті.

    Сонымен қатар, мемлекет басшысы қазақстандықтарға әлемдік мәдениет пен ғылымға жол ашқан орыс тілінің маңыздылығын төмендетіп тұрмағанын алға тартты.

    Еске сала кетейік, Жамбыл облысы Қордай ауданында 7 ақпан күні жергілікті тұрғындар арасында болған жанжалдан 8 адам қаза тауып, 40-тан аса адам әртүрлі жарақат алды.

    9 ақпанда тағы екі адамның қайтыс болғаны хабарланып, жаппай тәртіпсіздіктен көз жұмғандар саны 10 адамға жетті.

    Соңғы деректерге сәйкес, медициналық көмекке 178 қазақстандық жүгінген. 19 құқық қорғау органдарының қызметкерлері зардап шегіп, оның жартысы оқ жарақатын алған.

    Аталған жағдайдан соң 25 қылмыстық іс қозғалған.

    Аталмыш оқиғадан соң мемлекет басшысының бұйрығымен бірнеше лауазымды тұлға қызметімен қош айтысқан.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.