Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев әскери және құқық қорғау саласының қызметкерлерін марапаттады

Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен бірқатар әскери және құқық қорғау саласының қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: Twitter

Отан қорғаушылар күні қарсаңында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен әскери және қызметтік борышын атқару кезінде, адам өмiрiн сақтап қалу үшін батылдық пен жанқиярлық көрсеткен,  сондай-ақ, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуге, заңдылықты және қоғамдық тәртіпті сақтауға елеулі үлес қосқан әскери қызметшілер мен құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталды.

Олардың ішінде:

І дәрежелі "Даңқ" орденімен – ҚР Бас Прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов;

ІІ дәрежелі "Даңқ" орденімен – ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев;

ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен – ҚР Ішкі істер министрлігінің департамент бастығы Санжар Әділов, ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің Президент күзет қызметі бастығының орынбасары Сәкен Исабеков, ҚР Қорғаныс министрлігі бөлім командирінің орынбасары – 14776 әскери бөлімі орталығының бастығы Рахат Қарсембаев, ҚР Қорғаныс министрлігі Бас инспекциясы әскерлердің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігі мен даярлығы инспекциялық басқармасының бастығы – Бас инспекция бастығының орынбасары Төлеуқан Нұрқанов, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басқарма бастығы Александр Пеньков;

ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен – Мемлекеттік күзет қызметі Айрықша мақсаттағы күштерінің "Айбын" Президенттік полкінің 1-санатты маманы Ғалымжан Әлиев;

"Құрмет" орденімен – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Үкіметтік байланыс қызметінің директоры Тамерлан Жұмағалиев;

"Ерлігі үшін" медалімен – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) аса маңызды істер жөніндегі офицері Айдос Бесжанов, Ішкі істер министрлігі Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің Сарыарқа аудандық полиция басқармасының учаскелік инспекторы Ерлан Жаңабаев, ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті Жедел департаментінің аға жедел уәкілі Мирас Құрбанов, ҚР Ішкі істер министрлігі Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі №17 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Сергей Мазур;

"Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен  – ҚР Қорғаныс министрлігі кадрлар департаментінің офицері Шолпан Тауышова, ҚР Қорғаныс министрлігі 44813 әскери бөлімі С-300 зениттік зымыран дивизионының командирі Александр Томилин марапатталды.

Барлығы 45 адам ордендермен, 53 адам медальдармен және 3 адам Қазақстан Республикасының Құрмет грамоталарымен наградталды. 

Еске сала кетсек, осыған дейін мемлекет басшысы жағдай күрделеніп кетпесе елімізде төтенше жағдай режимі он бірінші мамырда аяқталатынын жеткізді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1854626-tokaev-skeri-zne-kkyk-korgau-salasyny-kyzmetkerlerin-marapattady/

pixel