Ерұлан Жамаубаев еліміздің Қаржы министрі болып тағайындалды
Опубликовано:
Қазақстанның жаңа қаржы министрі тағайындалды. Бұл қызметке Ерұлан Жамаубаев келді. Тиісті жарлыққа мемлекет басшысы қол қойды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

"Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасының Қаржы министрі болып тағайындалсын", - делінген президент қаулысында.
Жамаубаев бұл қызметте Әлихан Смайыловты алмастырды.
Ал өз кезегінде Смайылов премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.
Айта кетейік, жаңа қызметіне дейін Ерұлан Жамаубаев Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы болған.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1856322-erlan-zamaubaev-elimizdi-karzy-ministri-bolyp-tagajyndaldy/