RU

Беларусьтегі шерулер "ең тәртіпті митинг" атағын алды (фото, видео)

Беларусь
Беларусьтегі митинг. Фото: Valery Sharifulin\TASS via Getty Images

Беларусьте өтіп жатқан наразылық акцияларының фото-видеолары бүкіл әлемге тарады. Көптеген елде митинг кезінде жаппай тәртіпсіздік орын алады. Алайда беларусьтар өздерінің тәртіптілігі мен әдептілігін көрсетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Беларусьтегі бейбіт шерулер тәртіп сақшыларының күш қолдануымен ғана емес, ереуілшілердің тәртіптілігімен де көпке дейін есте қалары анық.

Митингтерде жиі болатын секілді белоруссиялықтар дүкендерді қиратып, ұрлық жасаудың орнына тату-тәтті шахмат ойнап, бір-біріне тамақ пен сусын таратып, қоқыстарды жинаған.

Шерушілердің отыратын орындыққа аяқ киімдерін шешіп шыққаны әлеуметтік желі қолданушыларын қатты таңқалдырған.

Бөтелке және басқа да қалдықтарды қоқыс салатын жәшіктерге салған.

Шерушілерге су мен гүлдер тегін таратылған. Тіпті кейбір дүкендер гүлді тегін берген.

Беларусьтар адам көп жиналған кезде төбелес, жанжал шығармаған. Тіпті ылаң салушыларды өздері ұстап алып, милицияның қолына ұстатқан.

Еске сала кетсек, 9 тамызда Беларусьта президенттік сайлау өтті.

Сайлау нәтижесімен келіспеушілер жаппай наразылық акцияларына шыға бастаған. 15 тамызда жоғары лауазымды шенеуніктер мен Лукашенконың қатысуымен арнайы жиын өткен.

Жиналыс кезінде Лукашенко Беларусьтегі митингтерге сыртқы күштердің әсер еткенін айтқан болатын.

Кеше Лукашенконың елдегі зауыт жұмысшыларымен кездесіп, қандай жағдайда өз билігін беруге дайын екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1869984-belarustegi-seruler-e-trtipti-miting-atagyn-aldy-foto-video/