Жириновский: Беларусь жыл соңына дейін Ресей құрамына кіреді
Жарияланған күні:
Ресейлік танымал саясаткер Владимир Жириновский 2020 жылдың соңына қарай Беларусь Ресей құрамына кіреді деген мәлімдеме жасады. Сондай-ақ ол ел президенті Александр Лукашенко өз орнынан әдемі кету керек деп есептейді деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Жириновский Беларусьтегі жағдай мен ел болашағына қатысты болжамын "Эхо Москвы" радиосының журналистерімен бөліскен.
"Осы жылдың соңына дейін Беларусь Ресей құрамына кіреді", - деп мәлімдеді Жириновский.
Ол Лукашенко өз орнына үкімет төрағасы етіп бейтарап үміткерді тағайындап, бірнеше айға демалуы керек деп есептейді.
Содан кейін, оның пікірінше, елдің Ресей Федерациясына кіруі туралы мәселе парламент алдында көтерілуі керек. Осыдан кейін мемлекет Могилев және Минск деген екі аймаққа бөлінеді.
Жириновскийдің ойынша, "Лукашенкоға керек емес болғандықтан" елде тағы да бір сайлау өткізудің қажеті жоқ.
"Ол жеңілгісі келмейді. Ол тарихта қалуы үшін Богдан Хмельницкий секілді әдемі кеткісі келеді", - деді саясаткер.
Осы ретте Жириновский Ресейге қосылу болған жағдайдан шығудың ең тиімді тәсілі. Оның ойынша, басқыншылық болмайды.
Еске сала кетсек, 9 тамызда Беларусьта президенттік сайлау өтті.
Сайлау нәтижесімен келіспеушілер жаппай наразылық акцияларына шыға бастады. 15 тамызда жоғары лауазымды шенеуніктер мен Лукашенконың қатысуымен арнайы жиын өткен.
Жиналыс кезінде Лукашенко Беларусьтегі митингтерге сыртқы күштердің әсер еткенін айтқан болатын.
Сондай-ақ Лукашенко елдегі зауыт жұмысшыларымен кездесіп, қандай жағдайда өз билігін беруге дайын екенін айтты.
Тіпті белоруссиялық спортшылар 9 тамызда өткен президент сайлауы заңсыз деп танылмаса ұлттық құрамадан кетеміз деп Лукашенконы қорқытты. Ашық хатқа 110 адам қол қойған. Олардың арасында танымал спортшылар да бар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1870279-zirinovskij-belarus-zyl-soyna-dejin-resej-kramyna-kiredi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.