Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әзербайжанмен соғыста Арменияның 550-ден аса сарбазы қайтыс болған

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pixabay.com

Әзәрбайжан Қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, қақтығыс кезінде Арменияның қарулы күштері 550-ден аса сарбазынан айырылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі "Интерфакс-Азербайджанға" мәлімдеме жасап, барлау деректерін жария етті.

Ақпаратқа сүйенсек, Арменияның қарулы күштері көптеген әскери техника және 550-ден аса әскери қызметкерінен айырылған.

"Атап айтқанда, әзербайжандық әскер 22 танк және ауыр бротехниканы, 15 дана "ОСА" зениттік зымыран жүйесін, 18 ұшқышсыз ұшатын аппаратты, 8 артиллериялық қондырғыны, оқ-дәрі сақталған 3 қойманы жойды. Одан бөлек, 550-ден аса әскери қызметкер өлтірілді", - делінген мәлімдемеде.

Басылымның жазуынша, әскери іс-әрекет кезінде Арменияның подполковнигі Лерник Бабаян қайтыс болған.

"Жау армиясында жаралылардың көп болуына байланысты әскери госпитальдар мен азаматтық госпитальдарда орын жетіспеушілігі, сонымен қатар қан банкінде қан қорының тапшылығы сезіледі. Армян тарапы әдеттегідей өз әскерінің нақты шығындарын қоғамнан жасырады", - деп мәлімдеді Әзербайжанның қорғаныс министрлігі.

Еске сала кетейік, осыған дейін Таулы Қарабақта соғыс жағдайы енгізілгенін жазған едік.

Әзербайжанның қорғаныс министрлігі Арменияның әуе күштері Қарабақпен шекарадағы елді мекендерді атқылағанын хабарлады. Осы мәліметтерге сәйкес, бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар бар. Армения Қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, Қарабаққа әуеден шабуыл жасалған.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігі армян-әзербайжан қақтығысының ушығуына байланысты мәлімдеме жасап, жағдайды тұрақтандыру үшін барлық шараларды қабылдауға, күш құралдарын пайдаланудан бас тартуға және мәселені келіссөздер арқылы шешуге шақыратынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1876539-zerbajzanmen-sogysta-armeniany-550-den-asa-sarbazy-kajtys-bolgan/

pixel