Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстанды басқарған президенттің барлығы биліктен 61 жасында кеткен

Опубликовано:

Қырғызстан президенті
Фото: © РИА Новости / Михаил Климентьев

Бүгін Сооронбай Жээнбеков Қырғызстан президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Оның жасы қазір 61-де. Жалпы Қырғызстан тәуелсіздік алғалы бері елде бесінші рет басшы ауысқалы отыр. Олардың бәрі биліктен 61 жасында кеткен деп жазады KAZ.NUR.KZ Sputnik Қырғызстанға сілтеме жасап.

Қырғыз президенттері 61 жасында өз еркімен де, мәжбүрлі түрде де қызметінен кеткен.

Қырғызстанның бірінші президенті Асқар Ақаев биліктен 2005 жылдың наурыз айында "қызғалдақ төңкерісінің" нәтижесінде бас тартты. Төңкеріс себептерінің бірі Жогорку Кенеш сайлауынан президенттің үлкен балаларының өтуі еді.

Содан кейін Ақаев ресми түрде президент қызметінде бола тұра, Ресейге кетіп қалды. 4 сәуір күні Қырғызстанның Мәскеудегі елшілігінде 5 сәуірден бастап отставкаға кету туралы өтінішке қол қойды. Қазір Асқар Ақаев Ресейде тұрады.

Елдің екінші президенті Құрманбек Бакиев

Бакиев Асқар Ақаев президент болғанда және "қызғалдақ төңкерісінен" кейін екі рет Қырғызстанның премьер-министр қызметін атқарды. Дәл сол жылы ол президент лауазымын алды. Оппозиция бірнеше рет Бакиевтің отставкасын талап етіп, наразылық акциясын өткізген. Бірақ, ол өз орнында қалып, 2009 жылы екінші мерзімге қайта сайланды.

Алайда оның тарифтерді көтеруге қатысты әрекеттері мен президент туыстарының наразылығы 2010 жылы Сәуір революциясына әкеп соқты. Митингіге шыққандар "Ақ үйді" басып алып, Бакиевті 7 сәуір күні биліктен құлатты. Наразылық білдірушілерге оқ атылып, көптеген адам қаза тапты.

Бакиев ел оңтүстігіне қашқанымен, қолдау таба алған жоқ. 15 сәуір күні Қазақстанға ұшып келіп, Беларуське кетті. Ал 21 сәуір күні Минскіде отставкаға кету туралы шешім қабылдады. Ол кезде Құрманбек Бакиевтің жасы 61-де еді.

Елдің келесі басшысы Роза Отунбаева Ақаев режиміне қарсы оппозиция құрамында болған. Ол "қызғалдақ төңкерісінен" кейін Қырғызстанның сыртқы істер министрі қызметін атқарады.

Артынша тағы оппозицияға кетіп, көшбасшылардың біріне айналады. Сәуір революциясынан кейін сол уақытта құрылған уақытша үкіметті басқарып, жаңа Конституция қабылданғаннан кейін өтпелі кезеңдегі президенті болды.

Бұл қызметте Отунбаева 2011 жылдың 1 желтоқсанына дейін еңбек етті. Ал кезекті сайлауда мемлекет басшысы болып Алмазбек Атамбаев сайланды. Бұл уақытта Отунбаева да 61 жаста еді.

Қырғызстанның төртінші президенті Алмазбек Атамбаев

Атамбаев - Ақаев пен Бакиевті биліктен құлатқан оппозиция жетекшілерінің бірі. Ол Бакиевтің дәуірінде сегіз ай премьер-министр қызметін атқарды.

Кейіннен уақытша үкімет басшыларының бірі болды. 2010 жылғы парламенттік сайлау нәтижесі бойынша ол қайта премьер атанды.

2011 жылы президентік сайлауда жеңіске жетті, ал 2017 жылы оның өкілеттік мерзімі аяқталды. Атамбаев қайта Қырғызстан Социал-демократиялық партиясын басқара бастады. Көп ұзамай ізбасары Сооронбай Жээнбеков екеуінің арасында келіспеушілік туындай бастады.

2019 жылдың 8 тамыз күнгі арнайы операция кезінде экс-президент тұтқындалып, 2020 жылдың маусым айында криминалды беделді тұлға Азиз Батукаевтың заңсыз босатылғаны туралы іс бойынша 11 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылды.

Президенттіктен кеткен уақытта Алмазбек Атамбаев та 61 жаста болатын

Айта кетейік, осыған дейін 30 жылда Қырғызстан президенттері қалай ауысқаны жайлы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1879837-kyrgyzstandy-baskargan-prezidentti-barlygy-bilikten-61-zasynda-ketken/

pixel