jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Қырғызстанда атышулы қылмыстық топ жетекшісі ұсталды

    Қамшыбек Көлбаев
    Қамшыбек Көлбаев. Фото: mzk1.ru

    Қырғызстанда қылмыстық топ жетекшісі Камчыбек Көлбаев ұсталды. Вашингтон осыдан 9 жыл бұрын оны есірткі саудасымен айналысатын әлемдегі ең ірі "наркобарондар тізіміне" енгізген деп жазады KAZ.NUR.KZ Азаттық радиосына сілтеме жасап.

    Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті 22 қазанда 46 жастағы Көлбаевты "қылмыстық топ ұйымдастыру және қылмыстық топ ісіне араласу" бабы бойынша ұстағанын мәлімдеді.

    Осыған дейін әлеуметтік желілерде Көлбаевты Бішкектегі спорт клубтарының бірінде тұтқындағаны жайлы суреттер тараған.

    Ол комитеттің бас басқармасына жеткізілген.

    Азаттықтың жазуынша, 2012 жылдың соңында Көлбаев Бішкек өтініші бойынша Біріккен Араб Әмірліктерінен Қырғызстанға экстрадицияланған. Бұдан соң "бопсалау" бабымен 5,5 жылға сотталған, алайда түрме жазасы үш жылға дейін қысқарған. Қырғызстан билігі оның себебін түсіндірмеген.

    2014 жылы маусым айында Көлбаев мерзімінен ерте түрмеден босап шыққан.

    Азаттық мәліметінше, Камчыбек Көлбаев ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісі ретінде ішкі істер министрлігінің есебінде тұр. Ведомство ақпараты бойынша, 2018 жылы Көлбаев жетекшілік еткен қылмыстық топта 424 адам болған.

    Сондай-ақ осыдан бірнеше жыл бұрын АҚШ мемлекеттік департаменті Көлбаевтың "қаржы механизмі" жайлы ақпарат берген адамға 1 миллион доллар көлемінде сыйақы беретінін хабарлаған.

    Еске сала кетсек, бұған дейін Қырғызстан МҰҚК төрағасы Қамшыбек Ташиев қылмыс әлемінің серкелеріне қатаң талап қойған еді. Оның сөзінше, бандиттер заң бойынша өмір сүреді не болмаса камераға отырады.

    Сонымен бірге ол қылмыс әлемінде аты аталатын Камчыбек Кольбаев заң бұзса, жазаланып, қамауға алынатынын айтқан болатын.

    Сонымен қатар Қырғызстанның Бас прокуратурасы қамауға қайта алынған Алмазбек Атамбаевтың үстінен тағы бір қылмыстық іс қозғағаны белгілі болды.

    Қырғызстанда атышулы қылмыстық топ жетекшісі ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.