Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гүлмира Исаева ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды

Опубликовано:

Гүлмира Исаева1
Гүлмира Исаева. Фото: Primeminister.kz

Үкімет қаулысымен Исаева Гүлмира Сұлтанбайқызы берген өтінішіне сәйкес ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды деп хабарлайды primeminister.kz.

Гүлмира Исаева 1969 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

1991 жылы Семей ет және сүт өнеркәсібі технологиялық институтын, 2010 жылы – Қазақ ұлттық аграрлық университетін тәмамдаған.

Мамандығы – инженер-технолог.

Еңбек жолын 1991 жылы бастаған. 1991-2010 жылдары аға оқытушы, аспирант, бас маман, кіші, аға ғылыми қызметкер, бас технолог, зоотехник-селекционер болып қызмет еткен. 

2010-2012 жылдары ұлттық компанияларда жұмыс істеген. 

2012-2017 жылдары ауылшаруашылығы вице-министрі қызметін атқарған.  

2017 жылдың қазан айынан 2018 жыл аралығында премьер-министрдің кеңесішісі болған. 2018 жылы қаңтар айында ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Еске сала кетейік, 21 қазанда мемлекет басшысының өкімімен цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жауапты хатшысы және денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылған еді.

Сонымен қатар президент өкімімен Сәбит Нұрлыбай бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы болып тағайындалған болатын.

Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасынының басшысы Ілияс Мұхамеджанның қызметінен кеткенін хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1881026-glmira-isaeva-auyl-saruasylygy-vice-ministri-kyzmetinen-bosatyldy/

pixel