jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Алмазбек Атамбаев аштық акциясын тоқтатты

    Алмазбек Атамбаев
    Алмазбек Атамбаев. Фото: Getty Images/ Abylai Saralayev / Contributor

    Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев аштық акциясын тоқтатты деп хабарлайды адвокат Замир Жоошевтің сөзіне сілтеме жасаған Азаттықтың Қырғыз қызметі.

    Адвокаттың сөзіне сенсек, жазаны атқару жөніндегі мемлекеттік қызмет Атамбаевтың талаптарын орындағаннан кейін экс-президент аштық акциясын тоқтатқан.

    "Атамбаев емге зәру. Сол себепті өзін N1 тергеу изоляторынан N47 колонияға ауыстыруды талап еткен еді. Бүгін, 28 қазанда Атамбаев аштықты тоқтатты", - деді Жоошев.

    Еске салсақ, Атамбаев 2019 жылдың тамыз айынан бастап ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеттің тергеу изоляторында қамауда болған.

    26 қазан күні ол өзін "өлім жазасына кесілгендер жазасын өтейтін колонияға" ауыстырғаны үшін аштық жариялаған болатын.

    2020 жылдың жазында Бішкек аудандық соты қылмыстық топ жетекшісі Азиз Батукаевты заңсыз босату ісіне қатысы бар деп айыпталған Атамбаевты 11 жыл 2 айға бас бостандығынан айырған еді.

    Сот Атамбаевтың мүлкін тәркілеп, оны мемлекеттік наградалары мен атақтарынан айырды. Артынша Бішкек қалалық соты үкімді өзгеріссіз қалдырды.

    Одан бөлек, Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев 6 қазан күні түнде Бішкектегі митинг кезінде МҰҚК-дегі тергеу изоляторынан босатылған еді.

    Экс-президент биылғы жылдың маусымында криминалды беделді тұлға Азиз Батукаевтың заңсыз босатылғаны туралы іс бойынша айыпталып, 11 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

    Кейін Алмазбек Атамбаевтың қайта ұсталған сәтінен видео жарияланды. Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевтың әйелі Раиса Атамбаева «Известия» басылымына күйеуінің қалай тұтқындалғаны туралы айтып берген.

    Алмазбек Атамбаев аштық акциясын тоқтатты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.