Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Путин экс-президентке "өмір бойы" сенатор болу құқығын беретін заң жобасын ұсынды

Опубликовано:

Владимир Путин за столом
Владимир Путин. Фото: Alexei Druzhinin\TASS via Getty Images

Ресей президенті Владимир Путин 31 қазанда парламенттің төменгі палатасы – мемлекеттік думаға экс-президенттің өмір бойы сенатор болуына рұқсат беретін заң жобасын ұсынды. Президенттің мұндай ұсыныс жасауына бірнеше ай бұрын референдумда қабылданған конституциялық өзгерістер мүмкіндік береді деп хабарлайды Азаттық.

Заң жобасына сәйкес, өкілеті аяқталған немесе отставкаға кеткен Ресей президенті өмір бойы парламенттің жоғарғы палатасы – федерация кеңесінің депутаты қызметін атқара алады.

Бұл үшін ол федерация кеңесіне тиісті құжаттарын тіркей отырып, өтініш беруі керек. Экс-президент өкілеті аяқталған соң үш ай мерзім ішінде осындай өтінішті бір мәрте бере алады.

Бұған қоса, заң жобасында президентке "ғұмыр бойына" сенаторлар тағайындау құзыреті берілген. Президент ең көп дегенде жеті адамды "ғұмырлық" сенатор етіп тағайындай алады.

Бұл заң қабылданса, Путин жалпы 30 адамды федерация кеңесіне өз атынан жіберуге құқылы, бірақ олардың басым бөлігі 6 жыл мерзімге тағайындалады.

"Сенаторларды тағайындау – президенттің міндеті емес, құқығы, президент мұны өз қалауы бойынша кез келген уақытта жүзеге асыра алады" - деді мемлекеттік думаның мемлекеттік құрылыс және заңнама комитетінің төрағасы Павел Крашенинников.

Конституция талаптарына сәйкес, "мемлекеттік және қоғамдық істерде елге ерен қызмет еткен азаматтар" "өмір бойына" сенатор болып тағайындала алады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Владимир Путин мен Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресей арасындағы өңіраралық ынтымақтастық форумында кездесетінін хабарлаған едік.

Форум 12-13 қараша күні өтеді деп жоспарлануда.

Сонымен қатар Ресей президенті Қырғызстандағы саяси жағдайға пікір білдірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1882535-putin-eks-prezidentke-mir-bojy-senator-bolu-kkygyn-beretin-za-zobasyn-syndy/

pixel