Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Біз араласпаймыз": Путин Қырғызстандағы саяси жағдайға пікір білдірді

Опубликовано:

Владимир Путин
Владимир Путин. Фото: rbk.ru

Ресей Қырғызстанда болып жатқан оқиғаларға аянышпен қарап алаңдайды, бірақ процеске араласпайды. 22 қазанда "Валдай" клубының кезекті отырысы кезінде Ресей президенті Владимир Путин осындай мәлімдеме жасады деп жазады Centralasian.org.

"Ол жақты қырсық шалды, сайлау да, төңкеріс те - қырғыз халқына жабысқан бәле", - деп үзінді келтірді ТАСС агенттігі Путиннің сөзінен.

Ресей президентінің пікірінше, сырттан жасалған кез келген абайсыз қимыл "жас" мемлекеттердің "жаңадан қалыптасып келе жатқан нәзік егемендік институты мен мемлекеттігіне" нұқсан келтіреді.

"Әрине, ол жақта болып жатқан оқиғаларға аяныш білдірмей, алаңдамай қарау мүмкін емес. Бірақ біз араласпаймыз. Біз жекелеген саяси күштерді қолдамаймыз, ақыл-кеңесімізді тықпалап, араласпаймыз. Қырғызстанда жағдай қалыпқа келеді, мемлекет аяғынан тік тұрып, дүрілдеп дамиды, ара қатынасымыз жақсы күйде қалады деп үміттенеміз", - деді ол.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қырғызстанда президент сайлауы өтетін күн белгілі болғаны туралы жазған едік.

"Біз кеше президент әкімшілігінің басшылығымен конституциялық заңның талаптары жайлы сөйлестік, оған сәйкес бұл сайлау ОСК және басқа да органдардың қандай да бір шешімінсіз-ақ тағайындалған болып саналады. Конституцияда солай жазылған. Біз тек күнді белгіледік", - деді ОСК төрағасы Нұржан Шайлдабекова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1881311-biz-aralaspajmyz-putin-kyrgyzstandagy-saasi-zagdajga-pikir-bildirdi/

pixel