Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев пен Путин Көкшетаудағы форумда кездеспек

Опубликовано:

Путин мен Тоқаев қол алысып тұр
Фото: Ақорда

Владимир Путин мен Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресей арасындағы өңіраралық ынтымақтастық форумында жеке кездеседі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ еліміздің сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың хабарлауынша, екі елдің басшылары Көкшетауда кездеседі.

Қаржы министрлігінің хабарлауынша, іс-шара 12-13 қараша күні өтеді.

Айта кетейік, мемлекет басшыларының мұндай форматтаға кездесуі 2019 жылы Омбыда өтті. Ол кезде басты тақырып - "Шекара маңы ынтымақтастығын дамытудың өзекті мәселелері" болған еді.

Сонымен қатар Омбыдағы форумда Қасым-Жомарт Тоқаев экологиялық проблемаларды шешудің маңыздылығын айта келе, келесі өңіраралық форумды 2020 жылы Көкшетау қаласында өткізуді, сонымен қатар оның тақырыбын "Экология және жасыл өсім саласындағы ынтымақтастық" деп атауды ұсынған болатын.

Форум біткен соң Ресей басшысы әріптесін Омбы әуежайына дейін келіп, өзі арнайы шығарып салған еді.

Еске сала кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысы өтті.

Кеңес барысында президент пандемияға қарамастан елімізді дамытудың өзекті мәселелері тұрақты түрде талқыланатынын, бірнеше маңызды бастама жүзеге асырылғанын, сондай-ақ қазіргі таңда мемлекеттік саясаттың түрлі салаларын реформалауға қатысты жаңа ұсыныстар әзірленіп жатқанын айтты.  

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1881012-tokaev-kksetaudagy-forumda-putinmen-zeke-kezdespek/