Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ-тағы сайлау: Дауыс беру аяқталды, алдын ала нәтиже жарияланды

Опубликовано:

АҚШ-тағы сайлау
Көрнекі фото: The Washington Post

БАҚ АҚШ президенті сайлауының алдын ала нәтижелерін жариялады. Қазіргі мәліметке сәйкес, Джо Байден көш бастап келеді деп хабарлайды Fox News.

Басылым ақпарынша, Джо Байденде 238 дауыс, ал Дональд Трампта 213 дауыс. Олардың әрқайсысында жеңуге мүмкіндік бар.

Трамп Пенсильвания (20 сайлаушы), Джорджия мен Мичиганда (16 сайлаушы), Солтүстік Каролинада (15) және Висконсинда (10) алда келеді. Ал демократ Джо Байден Невадада (6 сайлаушы) алда.

Сондай-ақ Трамп Аляскада (3 сайлаушы) бірінші орында.

Бірнеше штат, оның ішінде негізгі Пенсильвания штаты бюллетеньдерді қабылдап, дауыс беру ресми түрде аяқталған соң да дауыстарды санай алады.

Fox News ақпарынша, сайлаушылардың соңғы дауысы түгелдей дерлік Дональд Трампқа берілуі мүмкін.

РИА Новости мәліметінше, Аляскада дауыс беру аяқталып қойған. Сайлау бөлімшелері түнгі сағат 1- де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 4 қараша сағат 12:00) жабылған.

Айта кетейік, Америка Құрама Штаттарында болашақ президентке дауыс беру 3 қарашада ресми түрде басталды. Мемлекет басшысы лауазымына республикалық партия атынан Дональд Трамп пен демократиялық партия атынан Джозеф Байден кандидат болып отыр.

Байден өзінің туған жері Делавэр штатында сөйлеген сөзінде өзінің жеңісіне сенімді екенін мәлімдеді.

Ол сонымен қатар сайлауға атсалысып жатқандардың барлығына және еріктілерге ризашылығын білдіріп, алғыс айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1883032-aks-tagy-sajlau-dauys-beru-aaktaldy-aldyn-ala-ntize-zarialandy/

pixel