Джо Байден АҚШ-тағы президент сайлауында жеңіске жетті
Жарияланған күні:
Джо Байден президенттік сайлауда жеңіске жетті. Оған 273 сайлаушылар дауыс берген, деп хабарлайды CNN.
Джозеф Байден сайлауда АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трампты басып озды. Ол 273 дауыс жинады. Демек Байден 2021 жылы 20 қаңтарда АҚШ-тың 46-шы президенті атанады.
Екі үміткер Дональд Трамп пен Джо Байден арасындағы бәсеке өте тартысты өтті, соңғы минуттарға дейін кімнің жеңіске жететінін болжап айту мүмкін болмады.
Джо Байденнің саясатта үлкен тәжірибесі бар: ол өмірінің 35 жылын АҚШ Сенатында өткізген, содан соң сегіз жыл АҚШ вице-президенті лауазымын иеленді. Бұл қызметке ол Барак Обаманың командасымен келген болатын.
Оның бағдарламасы түгел дерлік Трамптың ұсынған бағдарламасына қарама-қайшы құрылған. Ол бес миллион жұмыс орнын құрып, ірі корпорацияларға салықты көбейтпек. Сондай-ақ, ол Дональд Трамп енгізген иммиграциялық тыйымды жоюды жоспарлайды.
Дональд Трамп үгіт-насихат кампаниясы басталмай тұрып Байденнің беделіне дақ түсіретін ақпарат іздей бастады. 2019 жылы Трамп Украина президенті Владимир Зеленскийден Джо Байденнің ұлы Хантерге қатысты тергеу ісіне көмек алуға тырысқан. Әкесі вице-президент болып тұрғанда Хантер украиналық газ компаниясымен өте тығыз байланыста болған. БАҚ Джо Байденді ұлымен бірге халықаралық бизнеске қатысты деп жазды.
Байденнің штабы америкалық БАҚ-тағы осы сынды сөздерді жоққа шығарды.
Еске салсақ, бұған дейін Трамп АҚШ-тың Жоғарғы сотын сайлау нәтижесін тезірек шығаруға шақырғанын жазған едік.
Одан бөлек, сайлау нәтижесі шыққанға дейін Джо Байден жеңіске жету үшін қажетті 270 сайлаушы дауысын жинай алатынын мәлімдеген болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1883043-dzo-bajden-aks-tagy-prezident-sajlauynda-zeiske-zetti/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.