Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҚР СІМ АҚШ-тағы сайлаудың нәтижесіне қатысты мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Сыртқы істер министрлігі
Фото: Сыртқы істер министрлігі

АҚШ-тағы сайлаудың нәтижелері біздің елдеріміздің қарым-қатынасына ешқандай әсер етпейді. Сыртқы істер министрлігінде осындай мәлімдеме айтылды деп хабарлайды "Хабар 24".

Мемлекетаралық ынтымақтастық екі ел арасындағы қатынастар қандай да бір факторларға тәуелді болмаған кезде жүйелі түрде дамып, институционалдық деңгейге жетеді.

Айта кету керек, Америка Қазақстанның егемендігін алғашқылардың бірі болып мойындады және біздің елде өз елшілігін ашты. Екі жыл бұрын рекордтық 7 миллиард долларға келісімдер жасалды, олар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр.

"Біздің АҚШ-пен кеңейтілген стратегиялық серіктестігіміз қандай да болсын сайлауға тәуелді емес. Яғни, Қазақстан тәуелсіздік жылдарында АҚШ-пен демократиялық және республикалық түрлі әкімшіліктермен ынтымақтастықта болды және біз АҚШ-пен серіктестігімізді әкімшілікпен байланыстырмаймыз", – деді Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Америка департаментінің директоры Болат Сүгірбаев.

Еске салсақ, демократиялық партияның атынан ұсынылған үміткер Джо Байден өзінің туған жері Делавэр штатында сөз сөйледі. Ол өзінің жеңісіне сенімді екенін мәлімдеген еді.

Ал, Дональд Трамп АҚШ-тағы президент сайлауында жеңіске жететінін мәлімдеді. Ол өз жеңісін тойлауға да әзір.

Президенттік сайлау өткен АҚШ-ты наразылық толқыны шарпыды. Комиссия дауыстарды санаумен айналысып жатқанда, наразылық білдірушілер Вашингтон, Лос-Анджелес, Роли және Портленд көшелеріне шыққаны туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1883140-kr-sim-aks-tagy-sajlaudy-ntizesine-katysty-mlimdeme-zasady/

pixel