АҚШ сайлауы: Байден жеңіске жетуге қажетті сайлау дауыстарын жинай алатынын мәлімдеді
Жарияланған күні:
Демократиялық партиядан үміткер Джо Байден жеңіске жету үшін қажетті 270 сайлаушы дауысын жинай алатынын мәлімдеді.
Саясаткердің айтуынша, оның көш басында келе жатқандығы бірқатар штаттарда айқын көрінеді деп хабарлайды ТАСС.
"Түні бойы дауыстар саналғаннан кейін, президент болып сайлануға қажет 270 дауысты жинау үшін жеткілікті штаттарда жеңіп жатқанымыз анық екенін байқауға болады. Мен өзімнің жеңісімді емес, санақ аяқталғаннан кейін жеңетінімізді жариялау үшін осында келіп отырмын", - деді Байден.
Ол бірқатар штаттарда Трамптың 2016 жылғы АҚШ сайлауындағы нәтижесінен асып түсетін дәрежеде дауыс жинауы мүмкін екенін алға тартқан.
Алайда, Дональд Трамптың өзі болса, төрт негізгі штатта (Пенсильвания, Джорджия, Солтүстік Каролина, және мүмкін Мичиган) жеңіске жете алатынын мәлімдеп отыр.
АҚШ-тың бірнеше бұқаралық ақпарат құралы Байденнің Мичиганда жеңіске жететінін болжауда.
Еске салсақ, бұған дейін Байденнің штабы жеңіске жеткендері туралы жариялаған болатын. Дауыс беру ресми түрде аяқталды, бірақ дауыстарды санау әлі жалғасуда. Алдын ала мәліметтер бойынша, Байденде 238 сайлаушының дауысы бар, ал қазіргі президент Дональд Трампта 213 дауыс жинады, жеңіске жету үшін 270 дауыс жинау қажет.
Одан бөлек, еліміздің СІМ-і АҚШ-тағы сайлаудың нәтижесіне қатысты мәлімдеме жасаған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1883151-aks-sajlauy-bajden-zeiske-zetuge-kazetti-sajlau-dauystaryn-zinaj-alatynyn-mlimdedi/