RU

АҚШ-тағы сайлау: Нью-Йоркте, Вашингтонда және Детройтта наразылық акциялары басталды (фото, видео)

Шеру
Фото: David Dee Delgado/Getty Images

Нью-Йорк полициясы Манхэттен жолымен өтіп бара жатқан наразылық білдірушілерді ұстап жатыр. Шерушілер АҚШ-тағы президенттік сайлауда барлық дауыстардың есептелуін талап етуде.

Қамауға алу таңдамалы сипатта жүргізілуде. Полиция кей жастарды топтың арасынан шығарып, жерге құлатып, қолдарына кісен салуда деп жазады РИА Новости.

Шеру
Фото: Mark Abramson/Bloomberg/Getty Images

Бұған дейін Нью-Йорк орталығындағы наразылық акциясына 200-ден астам адам жиналған болатын. Жиналғандардың агрессивті көңіл-күйде екендігі атап өтілді. Олардың бір бөлігі сайлауда барлық дауыстардың есептелуін талап етсе, өзгелері Демократиялық партияның атрибутикасы мен Джо Байденді қолдауға арналған белгілерді сатумен болған.

Шеру
Фото: Mark Abramson/Bloomberg/Getty Images

Басылымның ақпаратына сәйкес, наразалыққа шыққандар арасында саяси ұрандармен шыққандар болмаған.

Шеру
Фото: David Dee Delgado/Getty Images

Көптеген наразылық білдірушілер құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне тіл тигізіп, полицияны таратып жіберуге шақырған. Полицейлер айтарлықтай көп болмаған, тек полицияның тікұшағы наразылық білдірушілердің артынан бақылап жүргені анық байқалыпты.

Сондай-ақ Нью-Йорктен басқа Вашингтон мен Детройтта (Мичиган) да наразылық акциялары өткен. АҚШ астанасында Дональд Трампқа қарсы жұрт Ақ үйдің жанына жинала бастады. Наразылық білдірушілер "Трамп пен Пенс - кетіңдер!" деген сөздермен ұрандатқан. Алаңда велосипедпен жүрген 30 полицейден тұратын жасақ кезекшілік етіп жүргені туралы хабарланды.

Детройтта ондаған адам бюллетеньдерді өңдейтін ғимаратқа кірді. Наразылық білдірушілер дауыстарды санауды тоқтатуды талап еткен.

Fox News-тің хабарлауынша, қазіргі уақытқа дейін Байден 264 сайлаушының дауысын алды, ал оның қарсыласы Дональд Трампта 214 дауыс жиналған. Жеңіске жету үшін 270 дауыс қажет.

Еске салсақ, бұған дейін Байден жеңіске жетуге қажетті сайлау дауыстарын жинай алатынын мәлімдеген болатын.

Одан бөлек, Байденнің штабы өз кандидатының АҚШ-тағы президенттік сайлауда жеңіске жеткенін жариялаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1883160-aks-tagy-sajlau-nu-jorkte-vasingtonda-zne-detrojtta-narazylyk-akcialary-bastaldy-foto-video/