Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Дональд Трамптың әйелі ажырасуға арыз жазғалы жатыр

Опубликовано:

Мелания Трамп
Фото: radiokp.ru

АҚШ-тағы президент сайлауында қажетті дауыс санын жинай алмаған Дональд Трамптың жан жары Мелания Трамп жақын арада онымен ажырасу туралы арыз жазбақ деп хабарлайды Daily Mail.

Мелания Трамптың құрбысы Стефани Волкоффтың айтуынша, Дональд Трамп пен оның әйелі "іскерлік некеде" болған, тіпті олар Ақ үйдің бөлек бөлмелерінде тұрған.

Басылымның хабарлауынша, Трамптың бұрынғы көмекшісі Омароса Оне Маниголт Меланияның "ажырасуға дейін минуттарды санаумен жүргенін" мәлімдеген. 15 жыл бойы Дональдпен некеде болған Мелания "Ақ үйден" тезірек кетуді қалайды екен.

Одан бөлек, Мелания Нью-Йорктен Вашингтонға көшіп кету үшін алты ай бойы ұлы Бэрронның мектеп бітіруін күткені белгілі болған.

Сонымен қатар, куәгерлердің айтуынша, Мелания Трамп 2016 жылы күйеуі сайлауда жеңген сәтінде өз көзіне сене алмай, жылап жіберген екен. Олардың Баррон есімді 14 жасар ортақ ұлы бар.

Десе де бұған дейін 50 жастағы Мелания 74 жастағы Трамппен қарым-қатынасы жақсы екеніне сендіріп келген.

Еске салсақ, бұған дейін біз Джозеф Байден сайлауда Дональд Трампты басып озып, жеңіске жеткенін жазған едік. Ол 273 дауыс жинады. Демек Байден 2021 жылы 20 қаңтарда АҚШ-тың 46-шы президенті атанады.

Одан бөлек, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-та өткен президент сайлауында ең көп дауыс жинап, жеңіске жеткен Джо Байденді құттықтағанын жазған болатынбыз.

Сонымен қатар, Назарбаев АҚШ-тың жаңа президентіне жеделхат жолдады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1883637-bak-melania-tramp-azyrasuga-aryz-zazgaly-zatyr/

pixel