Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әйелі мен қызының өлімі, ұлының қатерлі ісігі және екі ота": Джо Байден туралы не білеміз

Опубликовано:

АҚШ президенті Джо Байден
Фото: pravda.com.ua

Бірнеше күн бұрын АҚШ-тағы президенттік сайлауда Джо Байден дауыс саны бойынша басым түсіп, жеңіске жетті. Ол 2021 жылы 20 қаңтарда Американың 46-президенті атанады. Ал құрама штаттардың су жаңа көшбасшысы туралы не білеміз?

77 жастағы саясаткер туралы қызықты фактілерді Expressen швед басылымы ұсынды.

1. Джо Байден "Бай-бай"(сау бол) лақап атын қалай алды?

Байден кішкентайында қатты тұтығып сөйлеген екен. Өз тегін қалай айтқанына байланысты сыныптастары оны "бай-бай" деп атап кетіпті. Тұтығудан құтылу үшін ол алдымен сөздерін әзірлеп алған, аузына тас толтырып сөйлеп дайындалған.

2. Байден өрт сөндіруші құралмен не істеген?

Байден Делавэр штатындағы университетке түскенде ұйымдастырған ойыны үшін мектеп басшылығының жазасына тартылады. Ол өрт сөндіруші құралдан жатақхана мен коммендантқа көбік шашқан.

3. Ол АҚШ-тың ең кәрі президенті атанады

Джо Байден 2021 жылдың 20 қаңтарында Америка Құрама Штаттарының ең кәрі президенті атанады. Оның әке-шешесі де ұзақ өмір сүрген. Әкесі 86 жасында, анасы 92 жасында қайтыс болған.

4. Байденнің тығыз үйі

Ол 10 жасқа толғанда әкесі автокөлік сатушысы болып жұмысқа кіріп, жанұясымен Пенсильвания штаты Скрэнтоннан Делавэр штаты Уилмингтонға көшіп кетеді. Үй тығыз болғандықтан, Джо жатын бөлмені екі ағасымен және Эдвард есімді туысымен бөліскен.

5. Джо Байден мен оның көлігі

Байденнің автокөлік сатқан әкесінен сыйлық ретінде алған 1967 жылы шыққан Corvette Stingray маркалы автокөлігі бар.

6. Байденнің әйелі мен қызы жол апатынан қайтыс болған

1973 жылы Джо Байден сенатқа сайланғаннан кейін оның отбасы жол апатына түсіп, әйелі Нейлия мен бір жасар қызы Эмили қайтыс болады. Ұлы Бо аяғын сындырып, кіші ұлы Хантер ми жарақатын алады.

7. Джилл әйелімен "көзсіз кездесуде" танысқан

Байден екінші әйелімен ағасы ұйымдастырған "көзсіз кездесуде" танысқан. Джо мен Джилл 1977 жылы отбасын құрған.

8. Байденнің иті жайлы

Байденнің жанұясы алғашқы итін - Чемпион есімді неміс овчаркасын 2008 жылы асыраған. 10 жыл өткен соң олар Делавэр штатындағы Иттерге қамқорлық көрсететін гуманитарлық ассосациядан тағы бір неміс овчаркасын алады. Жаңа иттің аты Майор.

9. Миына екі ота жасатқан

1988 жылы Джо Байден дәрігерге қатты бас ауруына шағымданады. Ақ халаттылар оған ми қан тамырларының аневризмасы деген диагноз қояды. Саясаткер бір ота жасатып, үш айдан соң тағы да ота үстеліне жатады.

10) Үлкен ұлы Бо мидың қатерлі ісігінен қайтыс болған

Джо Байденнің үлкен ұлы 1973 жылы жол апатынан аман қалған, алайда 2015 жылы 46 жасында мидың қатерлі ісігінен қайтыс болған.

11. Джо Байден балмұздақты жақсы көреді

Джо Байден ішімдік ішпейді, темекі шекпейді. Ал балмұздақты қатты жақсы көреді. Бір қызығы, Cornell Dairy компаниясы үш жыл бұрын балмұздақты саясаткердің есімімен атаған. Бұл Big red, white and Biden атты шоколадты-ванильді балмұздақ.

Айта кетейік, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-та өткен президент сайлауында ең көп дауыс жинап, жеңіске жеткен Джо Байденді құттықтады.

Ал Дональд Трамптың дауыс беру нәтижелеріне қарсы митингілер өткізуді жоспарлап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1883891-jeli-men-kyzyny-limi-lyny-katerli-isigi-zne-eki-ota-dzo-bajden-turaly-ne-bilemiz/

pixel