Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әділбек Жақсыбеков жаңа қызметке тағайындалды

Опубликовано:

Әділбек Жақсыбеков
Әділбек Жақсыбеков. Фото: kff.kz

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басқармасы мен директорлар кеңесінің шешімімен Жақсыбеков Әділбек Рыскелдіұлы "ҚазТрансГаз" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы қызметіне тағайындалды деп хабарлайды Zakon.kz.

Осы қызметті атқарған Шәріпбаев Қайрат Қаматайұлы "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ директорлар кеңесінің шешімі негізінде және "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры АҚ басқармасымен келісім бойынша "ҚазТрансГаз" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалған.

Ол "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ газды тасымалдау және сату жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары қызметін қоса атқарады.

Компанияның бас директоры қызметін атқарған Сулейманов Рустам Эдуардович "ҚазТрансГаз" АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Айта кетейік, мемлекеттік органдардағы басшылық қызметті атқаруда Әділбек Рыскелдіұлының тәжірибесі мол. Бұған дейін ол Индустрия және сауда министрі, Қазақстан президенті әкімшілігінің басшысы, президент кеңесшісі, Қазақстан Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі, қорғаныс министрі, мемлекеттік хатшы, Астана қаласының әкімі қызметтерін атқарған.

2018-2019 жылдар аралығында "Цесна корпорациясы" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болған.

Еске салсақ, президент өкімімен Талғат Мамыртайұлы Қойбақов Қазақстан қарулы күштері құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы болып тағайындалған еді.

Оған қоса, үкімет қаулысымен Әсем Нүсіпова денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1883706-dilbek-zaksybekov-kaztransgaz-direktorlar-keesini-tragasy-bolyp-sajlandy/

pixel