Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Майя Санду Молдовадағы президенттік сайлауда жеңіске жеткенін мәлімдеді

Опубликовано:

Санду
Фото: © Sputnik / Мирослав Ротарь

Молдова Республикасының бұрынғы премьер-министрі Майя Санду президенттік сайлауда жеңіске жеткенін мәлімдеді. Орталық сайлау комитетінің мәліметтері бойынша сайлаушылардың 56 пайыздан астамы оған дауыс берген.

Молдовада президент сайлауының екінші кезеңі өтті. Ел президенті атану үшін Майя Санду мен қазіргі президент Игорь Додон бақ сынауда.

РИА Новостидің хабарлауынша, "Әрекет және ынтымақтастық" партиясының жетекшісі өзінің жеңіске жеткенін мәлімдеген. Санду республикада орналасқан сайлау учаскелеріндегі хаттамалардың 100 пайызы өңделгеннен кейін президент сайлауының екінші кезеңінде 56,28 пайыз дауыспен көш бастап келеді.

Ал сайлаушылардың 43,72 пайызы Додонға дауыс берген. Бұл ақпаратты елдің ОСК-сы хабарлады.

АҚШ пен Канададағы Молдова азаматтары берген дауыстар әлі есептелмегені атап өтілді. Жалпы алғанда, барлық хаттамалардың шамамен 99 пайызы өңделген.

Майя Санду сайлаудан кейін қоғамды біріктірумен айналысуға уәде берді.

"Сайлаудан кейінгі бірінші міндетіміз - қоғамды ортақ мақсаттар төңірегінде біріктіру. Бәріміз үйде өмір сүргіміз келеді, бізді қорғайтын мемлекет болғанын қалаймыз, бізге адамдар кетпеуі үшін дамыған экономика керек", - дейді ол.

Сандудың бұрынғы қарсыластары оны сайлаудағы жеңісімен құттықтады.

Еске салсақ, Молдовадағы президент сайлауының бірінші кезеңі айдың басында өткен болатын. Кандидаттардың ешқайсысы толық жеңіске жету үшін қажетті дауыс санын ала алмаған. Дегенмен, Санду сол кездің өзінде Игорь Додоннан алда келе жатқан.

Еске сала кетейік, таяуда АҚШ-та президент сайлауы өтіп, демократтар атынан үміткер болған Джо Байден жеңіске жетті. Ол АҚШ-тың 46-шы президенті атанып отыр.

Байденді жеңісімен тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев пен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1884760-maja-sandu-moldovadagy-prezidenttik-sajlauda-zeiske-zetkenin-mlimdedi/

pixel