Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәжіліс депутаттығына үміткерлерге арналған ақпараттық хабарлама

Опубликовано:

Сайлау
Көрнекі сурет: NUR.KZ/Петр Карандашов

2021 жылдың 10 және 11 қаңтарында өтетін Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткерлерге «Internet Portal Nur» ЖШС-нің («Нұр Интернет порталы») «NUR.KZ» сайтындағы интернет-алаңдарды ұсынуының жалпы шарттары.

"Internet Portal Nur" ЖШС ("Нұр Интернет порталы") - «NUR.KZ» сайтының иесі (бұдан әрі – Сайт), 28.09.1995 жылғы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 21 қазандағы No 439 жарлығымен тағайындалған 2021 жылғы 10 және 11 қаңтардағы сайлауға қатысатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткерлерді (бұдан әрі - Үміткер) ақпараттандырады.

Сайлау алдындағы үгіт Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткерлерді тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау күнінің алдындағы күні жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады. Осылайша, сайтта партиялық тізім бойынша сайланған үміткерлерге арналған үгіт материалдарын орналастыру 2020 жылдың 10 желтоқсанында сағат 18.00-ден кейін басталып, 2021 жылдың 9 қаңтары сағат 0.00-ге дейін жүзеге асырылады. Ал Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар үшін 2020 жылғы 26 желтоқсанда сағат 18.00-ден кейін басталып, 2021 жылдың 10 қаңтары сағат 00.00-ге дейін жүзеге асырылады.

Сайт интернет-алаңды жазбаша өтініш және сайт иесі мен үміткер немесе оның уәкілетті өкілі арасында жасалған шарт негізінде ұсынады. Үгіт материалдардың саны мен орналасу мерзімі үміткердің немесе оның өкілінің жазбаша өтінішінде жазылып, кейіннен келісімшартта тіркеледі.

Өтініш үміткерлердің өтініштерін тіркеу журналында кезек тәртібімен, әрбір жазбаша өтінішке реттік нөмір беру және өтініштің келіп түскен күнін белгілеу арқылы тіркеледі.

Жазбаша өтінішке келесі құжаттар қоса берілуі керек:

1) Үміткердің тіркелуін растайтын құжаттың көшірмесі;

2) Үміткер өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі;

3) өтініш беруші тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі;

4) келісімшартқа отыру үшін тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар;

Үміткерлердің үгіт материалдарын сайтта орналастыру кезегін жазбаша өтініштердің түсу тәртібі арқылы немесе өтініш бір мезгілде түскен жағдайда, жеребе бойынша белгіленеді. Жеребе өткізу тәртібі мен шаттарын Сайт тағайындайды.

Сайт үгіт материалдарды орналастыру күніне дейін 1 (бір) күнтізбелік күн бұрын ұсынады. Үгіт материалдарында қаржыландыру көздері туралы көрнекі ақпарат және ақпарат берген тұлғаның тегі жазылуы тиіс.

Үгіт материалдарын ұсынған Үміткерлер олардың мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі үшін жеке жауапкершілікте болады.

Үгіт материалдарында конституциялық құрылысты күштеп өзгерту, республиканың тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, таптық және рулық араздықты қоздыру, қатыгездік пен зорлық-зомбылық культы, заңдарда қарастырылмаған әскерилендірілген құрылымдар құру идеялары болса, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутаттығына басқа үміткерлердің ар-намысына, қадір-қасиеті мен іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтер болса сайт иесі оларды орналастырудан бас тартуға құқылы. Үміткер Сайт иесінің өтініші бойынша материалдарда жоғарыда аталып өтілген сипаттағы мәліметтерді растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.

Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген Интернет-сайттарды ұсыну шарттары мен тәртібіне Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес түзетулер енгізілуі мүмкін.

Үгіт материалдарын орналастыруға қойылатын жалпы талаптар:

Баннерлі жарнамаға қатысты жалпы талаптар және HTML-баннерлерге қатысты техникалық талаптар https://corp.nur.kz/requirements интернет-парақшасында толығырақ жазылған.

Мақала – бос орындарды санамағанда кемінде 1000 белгі және бос орындарды қоса алғанда кемінде 4000 белгіден аспайтын мәтіні бар Word файлы + ені 1200 px және биіктігі 800 px болатын көлденең бағытталған 5 (бестен) аспайтын суреттер.

Материалға алдын ала Youtube-ке жүктелген 1 бейнежазба қосуға болады. Мақаланың мағыналық бөлігі болған жағдайда өзге тарап ресурстарына 1-3 мәтіндік гиперсілтемені пайдалануға рұқсат етіледі.

NUR.KZ редакциясы тақырыбына, лидіне немесе мақала мәтініне өз қалауынша түзетулер енгізу құқығын өзіне қалдырады.

Мақаланың тақырыбы мен лиді NUR.KZ форматына сай болуы керек (7-8 сөзден артық емес).

NUR.KZ жаңалықтар бөліміндегі мақала анонсын орналастыру позициясы бекітіледі: «Топ-жаңалықтар» - 4 немесе 5 орын; «Қазақстан және әлем жаңалықтары» - 5, 6 немесе 7 орындар; айдарларда – 4 немесе 5 орын болып бекітіледі.

Мақала анонсы басты бетке бір тәулік ішінде таңғы 9:00-ден келесі күннің 9:00-не дейін орналасады. Материалдарды уақтылы ұсынбаған жағдайда, жоғалған орналастыру уақыты өтелмейді.

Бір жұмыс күні ішінде орынды алдын ала броньдау қажет.

Баннерлі жарнаманы орналастыру үшін бос трафиктің болуын алдын ала нақтылау қажет.

Үгіт материалдары қаржыландыру көздері туралы көрнекі ақпаратты және ақпарат берген адамның тегін қамтуы тиіс.

Сайтта үгіт материалдарын орналастыру құны:

Сайттың орыстілді нұсқасына материалдарды орналастыру:

1) «Топ-жаңалықтар» айдарындағы мақала – ҚКС-ты есептегенде 882 000 тг. (Сегіз жүз сексен екі мың теңге).

2) «Қазақстан және әлем жаңалықтары» - ҚКС-ты есептегенде 690 200 тг. (Алты жүз тоқсан мың екі жүз теңге).

3) Тақырыптық айдардағы мақала (Саясат және экономика, Қоғам, Шоу-бизнес, Калейдоскоп, Туризм және т.б.) – ҚКС-ты есептегенде 333 200 тг. (Үш жүз отыз үш мың екі жүз теңге).

4) Мақала жазу – ҚКС-ты есептегенде 67 200 тг. (Алпыс жеті мың екі жүз теңге).

5) Мақаланы сайттың қазақ тілді нұсқасына шығару – 30%.

Сайттың қазақтілді нұсқасына материалдарды орналастыру:

1) «Топ-жаңалықтар» айдарындағы мақала – ҚКС-ты есептегенде 420 000 тг. (Төрт жүз жиырма мың теңге).

2) «Қазақстан және әлем жаңалықтары» - ҚКС-ты есептегенде 380 800 тг. (Үш жүз сексен мың сегіз жүз теңге).

3) Тақырыптық айдардағы мақала (Қоғам, Саясат және экономика, Калейдоскоп, Мәдениет және шоу-бизнес, Спорт, Нұрфин және т.б.) – ҚКС-ты есептегенде 196 000 тг. (Жүз тоқсан алты мың теңге).

Баннерлік жарнама (Динамика, бағалары 1000 қаралым үшін көрсетілген):

1) Өтпелі (240x600 px + 300x250 px), desktop+mobile – ҚКС-ты есептегенде 784 (Жеті жүз сексен төрт теңге) (Маусымдық коэффициенттерсіз)

2) Өтпелі (240x400 px + 300x250) px, desktop+mobile – ҚКС-ты есептегенде 627,20 (Алты жүз жиырма жеті теңге жиырма тиын) (Маусымдық коэффициенттерсіз)

3) Қазақстан және әлем жаңалықтарындағы мобильдік жарнама 300*250 рх mobile – ҚКС-ты есептегенде 560 (бес жүз алпыс теңге) (Маусымдық коэффициенттерсіз)

Статика:

1) Баннер (728х90) Топ-жаңалықтарда сайттың басты беті (desktop) трафиктің 25%, бір аптаға орналастыру (7 күнтізбелік күн) бағасы - ҚКС-ты есептегенде 140 000 (бір жүз қырық мың теңге) (Маусымдық коэффициенттерсіз)

Бейнежарнама:

1) Scroll-roll бейнежарнама, жаңалықтарда орналастыру (динамика, F=1, desktop+mobile, 1000 көрсетілім) – ҚКС-ты есептегенде 2 240 теңге (екі мың екі жүз қырық теңге) (Маусымдық коэффициенттерсіз)

* *Баннерлі жарнама мен бейнежарнаманың барлық үлгілеріне маусымдық коэффициенттер қолданылады:

Желтоқсан – 1,25;

Қаңтар – 1,0.

Әлеуметтік желілерде орналастыру:

1) Instagram (@kaznews) жазба орналастыру – ҚКС-ты есептегенде 168 000 теңге (Бір жүз алпыс сегіз мың теңге)

2) Instagram (Instagram @kaznews) stories орналастыру – ҚКС-ты есептегенде 78 400 теңге (Жетпіс сегіз мың төрт жүз теңге)

3) Instagram (@kaz.nurkz) жазба орналастыру – ҚКС-ты есептегенде 112 000 теңге (Бір жүз он екі мың теңге)

4) Instagram (@kaz.nurkz) stories орналастыру – ҚКС-ты есептегенде 56 000 теңге (Елу алты мың теңге)

5) Telegram (@newsnurkz) жазба ораластыру – ҚКС-ты есептегенде 168 000 теңге (Бір жүз алпыс сегіз мың теңге)

6) VK+Facebook жазба орналастыру – ҚКС-ты есептегенде 168 000 теңге (Бір жүз алпыс сегіз мың теңге)

Үгіт материалдары сайттың меншік иесі бекіткен нысан бойынша келісімшартқа қол қойылғаннан кейін ғана жарияланады. Сайтта үгіт материалдарын орналастырғаны үшін жасалған шарт бойынша төлем сайттың меншік иесі ұсынған төлем шотының және орындалған жұмыстар актісінің негізінде - құжаттар ұсынылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Жазбаша өтініштер факсимиле түрінде және Интернет байланысы арқылы қабылданбайды.

Партиялық тізіммен сайланған Үміткерлердің жазбаша өтініштері Сайт иесімен, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, 2020 жылдың 10 желтоқсанынан бастап 2021 жылдың 8 қаңтарына дейін (аталмыш күнді қоса алғанда), ал Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Үміткерлердің жазбаша өтініші 2020 жылғы 27 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 9 қаңтарға дейін Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 280 (18 қабат), тел: +7 701 601 06 22, және Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі, 12 үй. 144, тел: +7 707 555 3070 мекенжайы бойынша 09 сағат 00 минуттан 18 сағат 00 минутқа дейінгі уақытта қабылдайды.

«Internet Portal Nur» ЖШС («Нұр Интернет Порталы»)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1886766-mzilis-deputattygyna-mitkerlerge-arnalgan-akparattyk-habarlama/

pixel