Отставкаға дейін Назарбаев пен Тоқаевтың не туралы сөйлескені белгілі болды
Жарияланған күні:
Нұрсұлтан Назарбаев "Хабар" телеарнасындағы "Штрихи к портрету" деректі фильмінде өкілеттігін тоқтатар алдында Қасым-Жомарт Тоқаевпен тілдескенін еске алды деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Елбасы журналистің "Сіз тағдырға сенесіз бе?" деген сұрағына былай жауап қатты:
"Егер тағдырға сенсең, өзіңді оңға да, солға да бұрыла алмайтын құбырда жүргендей елестету керек. Ол сенің өмірің, соның ішінде жүресің. Бірақ біз олай істемейміз ғой. Біз шығар жол іздейміз. Бұл тағдыр деп сеніп, соған сену дұрыс емес. Әркімнің маңдайына жазылғаны бар шығар, алайда мен оны күтіп отыруға қарсымын", - деді Қазақстанның Тұңғыш президенті.
Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзінше, ол отставкаға кететінін хабарлар алдында Қасым-Жомарт Тоқаев одан бұндай қадамға бармас бұрын тағы бір мәрте ойлануды сұраған.
"Мен 19 наурызда өкілеттігімді тоқтататынымды жарияладым. 18 наурызда жаңа үлкен мешітте тас орнаттық. Кейін Тоқаевпен бірге менің көлігіммен оралдық. Ол келесі күні жариялайтынымды білді. Ол: ойланыңыз, мүмкін бұл ойдан бас тартасыз",- деді. Бірақ мен: іштей осылай шештім, қабылдауға дайындал, дедім", - деп cол сәтті еске алды Елбасы.
Еске сала кетсек, бұған дейін Елбасы астананы Түркістанға ауыстыруға қатысты ойын айтқан болатын.
Одан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев Нұр-Сұлтандағы ең биік ғимарат "Әбу-Даби Плазаның" ең биік мұнарасын Қазақстанның құрметіне атайтынын мәлімдеген еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1887444-otstavkaga-dejin-tokaev-pen-nazarbaevty-ne-turaly-sjleskeni-belgili-boldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.