Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев: Бүкіл өмірімді Қазақстанның тәуелсіздігіне арнадым

Опубликовано:

Елбасы
Фото: Елбасы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүкіл өмірін Қазақстанның тәуелсіздігіне арнағанын мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Қазақстан Ұлттық Арнасындағы "Түркістан: көне мен келешек көпірі" деректі фильмінде айтты.

`Оның сөзінше, қазіргі заманда ғалымдар, сарапшылар "барлығын білеміз, бәрін де игереміз" деп ойлайды. Бірақ ешкім осындай вирус келеді деп ойлаған жоқ, деді Елбасы.

"Бір жерден шықты – ол енді табиғаттың құбылысы. Әлі де ондайлар болуы мүмкін. Сол себепті адам барлығын игерді, бәрін білді деп айтуға болмайды. Жастарға сөзімді ылғи айтып келемін.

Қазіргі айтарым, мен бүкіл өмірімді Қазақстанның тәуелсіздігіне сарп етіп келе жатырмын. Кеңес өкіметі кезінде 5 жыл Қазақстанның үкіметін басқардым. 30 жыл Президент болдым. 35 жыл бойы тынбай, күндіз-түні осы жұмысты істеп келе жатырмыз.

Еліміздің, қазақтың, ата-бабамыздың арманы – тәуелсіздік. Қолымызға келді. Ол болмаса түк болмайды. Ол болмаса тағы да бодан боламыз. Ол болмаса біздің тіліміз, дініміз болмайды. Ол болмаса бізді басқалар басқарады", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті бұл сөзі насихат емес, шынымен жадынан, жанынан айтып отырғанын тілге тиек етті.

"Жалпы, қанша айтсақ та, қазақ деген басқалармен салыстырғанда ат төбеліндей халықпыз. Екі жағымызда екі алып мемлекет тұр. Бір жарым миллиардтық Қытай мына жағымызда, Ресей мына жағымызда. Олардың саясаты болашақта қалай болады?

Мен енді қолымнан келгенше шекараны шегендеп, барлық төңірекпен достық қарым-қатынас жасадым. Қазақстанның жауы жоқ қазір. Ал заман өзгереді, ел мен жұрт өзгереді. Не болады? Сол тәуелсіздігімізді көре алмай, қазірдің өзінде көз тігіп отырғандар бар. Себебі біз экономика, реформа жағынан түп-төңірегімізден озып кеттік. Әрине, оның бәріне қызғанышпен қарайды. Сондықтан Тәуелсіздігімізді сақтап қалуымыз керек", - деді Елбасы.

Еске сала кетсек, осыған дейін Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін тоқтатар алдында Қасым-Жомарт Тоқаевпен тілдескенін еске алған еді.

Сонымен қатар, Елбасы астананы Түркістанға ауыстыруға қатысты ойын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1887539-nazarbaev-bkil-mirimdi-kazakstanny-tuelsizdigine-arnadym/

pixel